22:45
Абай ілімі

ОТЫЗ ТӨРТІНШІ СӨЗ

(бұрынғыша қырықыншы сөз)

СЕНДЕРДЕН БІР СҰРАЙЫН ДЕП

ЖҮРГЕН ІСІМ БАР

* * *

Осы, біздің қазақтың тірілерді жамандап,

өлгендерді мақтай беретіні қалай?

* * *

Қазақ қариялары көп құрбыларынан айрылып, азайса да,

бір-бірімен бітім қылмайтұғыны қалай?

* * *

Басқа жақта жүріп, өз руларын көрсе, оны бір

туғанындай көріп, іші елжіреп, жақсы көріп тұрады да,

елге келген соң, сол адамнан сырт айналып

шығатыны қалай?

* * *

Жаттың бір тәуір кісісін көрсе, оны мақтап,

ал өз елінде сонан артық адам болса да оны

танымайтұғыны қалай?

* * *

Бір жолаушы алыс жерге барса, барған еліне өз елін

мақтаймын деп өтірікті сыбап-сыбап, қайтып келген

соң сол барған, көрген елін, жерін мақтап, өтірікті

сыбайтұғыны қалай?

* * *

Біреудің ағайыны торқалы той, топырақты өлімде, адалдық

берекеде алысуға табылмай, барымта алалық, ұрлалық десе,

табыла қоятыны қалай?

* * *

Бәйгеге ат қоссаң, атыңды тартыспайтұғын ағайын

атың келсе, бәйгесіне өкпелейтіні қалай?

* * *

Байдың баласы кедей болса, ұрлық қылуға арланбайды да,

еңбек етуге ұялатыны қалай?

* * *

Екі жақсы бір елде болса да достықтары жараспайды.

Ал кейбір антұрғандардың тым-ақ тату

бола қалатыны қалай?

* * *

Біреуді досым деп ат беріп жүрсең, оған сенің бір

дұшпаның келіп бір тай берсе, бұзыла қалатыны қалай?

* * *

Күнде тілін алатұғын достан кейде бір тіл ала қойған

дұшпанға кісінің өле жаздайтұғыны қалай?

* * *

Көп кісі досым жетілсе екен демейді, егерде жетілсе,

бағанғы досына бір бітімі жоқ дұшпан сол

болатұғыны қалай?

* * *

Тыныштық іздеп таба алмай жүрген жұрт тыныштық

көрсе, сәтке тұрмай, тыныштықтан жалыға

қалатұғыны қалай?

* * *

Елді пысық билегені несі? Пысықтың бәрі

кедей келетұғыны несі?

* * *

Қай қазақты көрсем де, жас кезінде баласын

басынан сипап жүріп, ержеткен соң

суық тартатұғыны қалай?

* * *

Тоқал қатын өр келетұғыны несі?

Кеселді кісі ер келетұғыны несі?

Кедей кісінің кер келетұғыны несі?

Нәпсісін тыйып, бойын тоқтатқан кісінің

жаман атанып, нәпсісі билеп, мақтанға еріп, пәле

шығарған кісі мықты атанатұғыны несі?

* * *

Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай,

тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей

ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден

естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай?

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 7 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: