10:26 Абай ілімі | |
АБАЙМЕН СҰХБАТ Абай ата, есті адам мен есер адамның бір-бірінен айырмашылығы неде? Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ еткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір Құдайдан басқаның, бәрі өзгермек. Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, Өнерсіздің қылығы өле көрмек. Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай, Еріншек ездігінен көпке көнбек.
Рынды іске жүріп, ой таппаған, Не болмаса жұмыс қып, мал бақпаған. Қасиетті болмайды ондай жігіт Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.
Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? Жігіттік өтті, кқрдің бе? Кәрілікке көндің бе? Кім біледі, сен кәпір, Баяндыдан сөндің бе, Баянсызға төндің бе? Әлде, айналып, кім білер, Боталы түйе секілді, Қорадан шықпай өлдің бе? * * * ОН ЕКІНШІ СӨЗ (бұрынғыша жиырма бірінші сөз) ҮЛКЕНДІК МАҚТАН ДҰРЫС Бұл мінез – ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Надан. Мақтаншақ. Әдепсіз. Пайдасыз. Өсекші. Алдамшы. Жеңіл. Байлаусыз. Арсыз. Сұрамшақ. Өтірікші. Кеселді. «демесін» дейтіндер. Бұлар өзімді жақсы демесе, мейлі, «жаман дегізбесем екен» деп азаптанады. Пайданы көрсең бас ұрып, Мақтанды іздеп, қайғы алма. МАҚТАНШАҚТЫҚ БҰРЫС Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кететіндер. * * * Біреуі – жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол – надан, надан да болса адам. * * * Екіншісі, өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. * * * Үшіншісі, өз үйіне келіп айтпаса, я ауылына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол – наданның наданы, ләкин өзі адам емес. Х Жатқа мақталсам екен деген елім мақтаса екен дейді. Еліме мақталсам екен деген ағайыным мақтаса екен дейді. Ағайынның ішінде өзі мақтау іздеген өзімді өзім мақтап жетем дейді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
