23:04
Абай ілімі

ОН БІРІНШІ СӨЗ

(бұрынғыша он бесінші сөз)

Есті адам

Орынды іске қызығып,

оны құмарланып іздейді.

Оған бұл өткен өмірдің

өкініші де жоқ.

Есер адам

Орнын таппай, баянсыз,

бағасыз нәрсеге қызығып жүріп

(тән құмарына) өмірінің

соңында өкініште қалады.

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе,

күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса

айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!

Күніңді өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?

Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де

білмей қалыппысың?

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 18 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: