19:40 Аққулы (Лебяжі) ауданына – 90 жыл! | |
Аққулы өңір: аңыз бен ақиқат / Аққу ауылы тұрған жердің солтүстік қапталында айдын көл болыпты-мыс. Онда аққулар мекендейді екен. Казак станицасы өзінің атауын осыдан алыпты. Бұл – бәлкім шындық. Бірақ бүгінгі ұрпақ үшін аңыз. Шындық дейтініміз, үлкендер айтушы еді, көктемде Ертіс тасығанда аудан орталығы мен Широкое ауылының арасын тұтас су алып кетеді деп. Ол су шілдеде Ертіс екінші рет көтерілгенде одан айын молайып, кей жылдары ауылдың шығыс қапталында жатқан Ақсор көліне барып құяды деп. Жамбыл ауылынан сәл төменіректе жатқан Баймұрат тоғайын, одан әріде Байжан тоғайын кемерлеп, Шабар құмына құйылып, Шәмші ауылының жарқабағына соғып, айдынданып жатады екен. Бүгіндері болса су қатты көтерілді дегенде екі елді мекен арасындағы терең өзектің табанында ғана жылтырайды. Аққуы ұшып, қазы қонған айдын тартылды, бүдіргенді, доланалы нуы селдіреді. Бұл адамның өз қолымен жасағаны: Ертістің жоғарғы ағысында су қоймаларының тұрғызылуы салдарынан шабындықтың суға мейірі қанып тойынуы жоқ. Ертеректе, шамада елуінші жылдары, құлама жарға келіп ақ пароход тоқтаушы еді. Айына екі рет Семейден Омбыға, Омбыдан Семейге қатынайтын ақ пароходтың келуі Лебяжі өңірі үшін айтулы оқиға болатын: соғыстан кейінгі ашөзектеу кезі ауылдың тайлы-таяғы қалмай жинаған азын-аулақ құрт-майын айырбасқа салуға пароходқа ұмтылысатын. Ол кездері ел Алматыға негізі Семей арқылы қатынайды. Оқуға, іссапарға шыққан азаматтар артынып-тартынып ақ параходқа мініп жатады. Балаларға пароход жүріп өткен соң Ертістің бұйра толқынына биік жарқабақтан секірудің өзі бір ерлікке пара-пар. Өскеменнен бермен қарай Ертісті «Ақ Ертіс» деп атайды. Осы Ақ Ертісті шілде-тамыз айларында кей тұсынан жаяу дерлік кешіп өтуге болады. Ел азаматтары бас қосып, осыдан сәл ілгеріде орысша «Лебяжі» аталып келген ауыл атын «Аққу» деп өзгертті. Бірақ оның ел аузындағы тарихи атауы «Қиық» болатын... «Лебяжіні қазақтар «Қиық» деп бекерге атаған жоқ екен. Ертістің биік жарқабағының астына орналасқан бұл станицаның дөңінен қарағанда өзенге қарай созылған көшелері қиғаштай, қиығынан көрінеді». (Сәбит Мұқанов, «Аққан жұлдыз», А. 1976, 226-бет). Академик-жазушының бұл жолдарындағы шындық – қазақтардың «Лебяжіні» ежелден «Қиық» деп атауы. Бірақ, неге солай атағаны таласты нәрсе. Өйткені станицаны Ертістің жарқабағына көтеріліп қараған (тамашалаған) қазақтың болмағаны кәміл. Шындығы мынау болса керек: патша үкіметі өзінің қазақ жерлерін отарлау саясатында қазақ станицалары мен қазақ ауылдарының ара жігін ажыратып ұстауға ұмтылды. «Қаһармандық ғасырының» ақтаңдақтары. Шоқан Уәлиханов «XVIII ғасыр қазақ халқының қаһармандық ғасыры болды» деп жазады (Ч.Валиханов. «Избранные произведения». А.1952.) Рас, осы ғасырда қазақ халқы тізе қосып, өз елін жоңғар басқыншылығынан толық азат етті. Сонымен бірге осы ғасыр қазақ халқының ұлт ретінде тарихта қалу-қалмауы таразыға түскен алмағайып қаңды-шерлі оқиғалар ғасыры да болды. «Ақтабан шұбырындыға» түсіп (1723), сол кездегі оқиғалардың куәсі болған жылнамашылардың деректері бойынша халқының үштен бірінен айырылды. Екі жүз жылдан астам уақытқа созылған әуелі ақ патшаға, одан соң қызыл империяға тәуелдік те осы ғасырдың үлесінде. Қазақ тарихының осы қайғылы беттері Лебяжі ауданының өткенінен де айна-қатесіз көрінеді. Осы уақыттың тудырған тағы бір аңызы – Ямышев бекінісін патша әмірімен подполковник Бухгольцтің салуы. Бұл қаншалықты әділ. Қолымыздағы құжаттар не дейді? «1715 жыл – подполковник И.Д.Бухгольцтің әскери экспедициясы Ертіс өзенінің бойында Ямышев бекінісін салды». «1716 жыл – И.Д.Бухгольцтің экспедициясы Ом өзені бойында Омск бекінісін салды. «1716 жыл – подполковник Ф. Метигировтың әскери отряды Ямышев острогын қайта көтерді». «1716 жыл – Ямышев острогына подполковник П.Т Ступиннің басшылығымен жауангерлік саптағы кіші полк жіберілді. Шведтің тұтқын офицері Каландердің жобасымен Ямышев бекініске айналдырылды. Мұнын бәрі ақиқат және халқымыздың ұрпаққа ұран ететін ерлік тарихы. Ал турасында жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес жалпыхалықтық сипат алған жағдайда тарих бетіне есімдері түспей қалған қаһарман ата-бабаларымыз қаншама! Ақын Нұрлыбек Қайдаров «Лебяжі ауданының тарихы» атты еңбегінде солардың бірін Бәсентиін руынан шыққан Зомбы батырдың есімін атайды. Орыс жылнамаларында «Түркістаннан шыққан қазақтардың алғы көшінде... Уақ және Бәсентиін рулары болды» («Материалы по киргизскому землепользованию» 1903г.) деп көрсетсе, Ертістің оң қапталына алғашқылардың қатарында елің бастап алып келген, осында түбегейлі қоңыстандырған ардагерлердің бірі осы Зомбы батыр болуы әбден ықтимал. Автор «XVIII ғасырдың басында Сыр бойынан Ақмола арқылы келген” деп жазады. “По свидетельству Оренбургского генерал-губернатора Г. Волконского в XVIII веке 2 рода племени Аргын в числе 9000 семей зимовали и кочевали по Иртышу” деген жолдарды оқимыз. 1928 жылы жарық көрген “Краткий исторический очерк Семипалатинского края до 1917 года” деген еңбектен (Семей облыстық кітапханасының сирек қорында сақтаулы). Ал Бәсентиіннің Арғын руының бір тарабы екенін ескерсек, Зомбы туралы аңыз ақиқатқа бет бұра бастайды. Бірақ автордың «келген» деген сөзі ақиқат емес. Жоғарыда айтылған Ямышев – Босбос маңындағы сойқанның өзі бұл оралудың жорық көші болғанын көрсетеді. Қазақстар Сырдан Ертіске дейінгі даланы 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі 1727-1730 жылдарғы жеңісті шайқастардан соң еңсесін тіктеп, жауды өкшелей отырып, ұрыспен өтті. Біздің қолымызға түскен тағы бір дерек бойынша Бәсентиін руын Түркістаннан Есенгелді би бастап келген. «Түркістан маңынан 200 мың адам жүр көтеріліп, жауды өкшелей отырып, Арқаға бет алған. Оны Есенгелді би бастап отырды. Зомбы Есенгелдінің баласы еді. Асқан батыр болды. Оның ел құрметіне бөленуінің бір дәлелі – дүние салғанда Зомбыны жұрты айрықша құрметтеп, сүйегін Арқадан Түркістанға жеткізіп жерлеген екен. Зомбының немересі Боздақ әрі би, әрі батыр болған. Ертіс бойындағы қоныс үшін орыс колонистерімен 15 жыл ұрысқан. Бұл, тегі бәсентиіндердің әлі оң қапталға өте қоймаған кезі болса керек. Өйткені Ертістің сол қапталында, Май ауданының жерінде екі жер атауы Бозарал және Аяққалған осы адамның есімімен байланысты. Көнекөз қариялардың айтуында туының астына 15 мыңға дейін жігіт жинаған. Ақыры ұрыста қаза болған. Оның баласы Байдалы осы аумақта, орта жүз руларына сөзі жүрген дуалы ауыз билердің соңы болды», - әкесі Мұхамед-Садықтың ауызынан жазып алған Серік Кәрім. Ағашүй / Лебяжі ауданындағы бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округінің Бесқарағай елді мекенінен Айдарша / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Қарақала (Черное) елді мекенінен Айдын / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық кеңесінің «Майқарағай» кеңшарының мал жайылатын жері. Тұрғындардың саны 8 адам (1970 жылы) болған. Елді мекен қарағай арасындағы «кең ашық суқоймасы бар қоныс» дегенді білдіретін Айдын (адам аты) қонысының атауымен аталған. Ақкөл / Бұрынғы елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауыл орталығы Майқарағай елді мекенінен Аққұм / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауылдық коруг Қарақала (Черное) елді мекенінен Ақшатоғай / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауыл-коруг орталығы Қарақала (Черное) елді мекенінен Алтай / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық оркгуі «Бесқарағай» орман шаруашылығының жеке тұрағы ауылдық округ орталығы Шақа елді мекенінен Апайуақ / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің бөлімшесі. Ауылдық округ орталығы Ямышево елді мекенінен Ара / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл округіне қараған. Жамбыл ауылынан Ахметтоғай / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауыл орталығы Ямышево елді мекенінен Ащықұдық / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің мал жайылымдық учаскесі. Ауылдық округ орталығы Ямышево елді мекенінен әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 2 | |
| |