20:43
Аққулы (Лебяжі) ауданына – 80 жыл!

Лебяжі ауданы / Павлодар облысының оңтүстік-шығыс бетінде орналасқан. Солтүстігінде Павлодар және Шарбқты аудандарымен, шығысында Ресей Федерациясының Алтай өлкесінмен шектеседі. Батысында оны Май ауданынан Ертіс өзнеі бөліп жатыр. Аудан аумағы негізінен жазық. Аздаған жоталар мен еблдер ұшырасады. Жазығы негізінен селеулі, бетегелі, жусанды болып келеді. 20-ға жуық көл бар. Басым көбінің суы ащы. Айталық, Қызыл тұз көлі ешқашан қатпайды. Ауданның оңтүстік-шығысында әдіптеп қарағайлы орман өседі. Ертіс бойы – қалың тоғай. Жылдың орташа температурасы: қаңтарда – 17-18 градус суық, шілдеде – 20-21 градус ыстық. Жылына 250-300 мм ылғал түседі. Топырағы қоңырқай, құмдауыт, жел эрозиясына жылдам берілгіш. Ертіс алқабының топырағы ауыр, сазды. Аудан аумағында өндірістік мақсатта пайдалануға боларлық алебастр, гипс, әк шығатын орындар бар. Ауданның жер көлемі 8,1 мың шаршы километр. Негізгі тұрғындары – қазақтар. Негізгі кәсібі – мал шаруашылығы: жібек жүнді меринос қойы, еділбай тұқымдас құйрықты қой, қазақтың ақбас ірі қара малы өсіріледі. Соңғы жылдары Шығыс Қазақстаннан еділбай тұқымы көптеп әкеліне бастады. Жылқы табынының басымы – жабы тұқымы. Экономикалық құрылымы: Лебяжі орман-мелиорация стансасы, Шақа орманшылығы сияқты мемлекеттік кәсіпорындар, «Бесқарағай-Әлкей» жауапкершілігі шектеуліі серіктестігі және жеке меншік шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер. Аудан 11 ауылдық округке бөлінеді.

Лебяжі ауылдық округі / Округ аудан орталығы – Аққу ауылының көлемімен шектеледі. Аққу ауылы «Лебяжье» деген атпен 1744 жылдан белгілі. Ол І Петр патшаның жарлығымен салынған колонистердің Етіс бойындағы тірек пункттерінің бірі болды. Көне жәдігерліктер оның бастапқыда байланыс қызметін атқарған шағын қоныс болғанын айтады. Айталық, Г.Н.Потанин оның орнаған кезінде «35 тұрғыны бар еді» деп көрсетеді. Ал Петр Симон Паллас 1770 жылмен белгіленген жол жазбаларында «противу Лебяжьего форпоста становится сия пещаная степь мало помалу ровную, но в последних десяти метрах переходит в ту пространную долину, где вливается двумя ручьями в Иртыш Лебяжье озеро. Над верхним быстрейшим ручьем выстроен сей форпост и едучи в оный нужно переехать оба ручья. В форпосте находятся старое деревянное крепостица, дом офицерский, несколько казарм и конюшни, притом вверх по ручью лежит 10 казачьих дворов…» дейді. Бұл жолдарды мұқият оқыған адамдарға мәлім болса керек: форпостқа жету үшін «екі бұлақтан» бірдей өтіп бару керек екен. Өзге жол жоқ. Олай болса, форпост аралда тұру керек. Тағы бір ескеретіні – көлдің суы екі арнамен Ертіске құлап жатады екен. Бұл үшін оның астында түгесілмес көзі болуы тиіс. Осы күдік Ертіс бір арнамен көлге құйып, екіншісімен одан ағып шығып жатпады ма екен деген ойға жетелейді. Зерделесек, Ертістің негізгі арнасы ауылдың қарсы бетіндегі аралдың арғы жағында жатыр. Демек, ол Петр Симон Паллас көрген кезде әлі бері аунап қазіргі арнасын салып үлгермеген, жәдігерлікте сөз болып отырғандай «жылдам ағысты бұлақ» қана болған, бір кездегі Аққулы көл қазіргі айлақ тұсынан Ертіске қосылып кетсе, ойға сыйымдырақ. Көне ауылдың өзенге қарай көп сұғына орналасқанына құлама жардан жыл сайын шығып жататын ескі қорымдар да дәлел. Әдетте қорым өзен-суды жағалай тұрғызылған қоныстан шеткерірек, қырға қарай орналастырылса керек. Бұл – Палластың жазбаларының ой саларлық бір жағы болса, екіншісі – Лебяжінің жедел өсе бастауы. 1982 жылғы мәлімет бойынша Лебяжіде 70 аула, 197 ер адам, 183 әйел, 1 училище, 3 диірмен, 1 ішімдік орыны (питейное заведение) болғанын білсек, Павлодар уезі елді мекендері тізімінің 1899 жылғы дерегі бойынша «Лебяжіде 302 еркек, 269 әйел болды». Яғни ауыл 1838 жылы Сібір казак әскері Семияр станицасының казак поселкесі мәртебесін алған соң оның тұрғын халқы өсе бастаған. 1999 жылғы есеп бойынша мұнда 3605 адам тұрды. Тұрғын халықтың 75,9 пайызы қазақтар. 1939 жылдан Аққу ауылы Лебяжі ауданы орталығы болып табылады. 1996 жылы ономастика комитетінің шешімімен Лебяжі «Аққу» ауылы болып өзгертілді. Аудан өзінің байырғы атауын сақтап қалды. Ауылда жалпы қоры 56575 том (2002) екі кітапхана, 700-ден астам оқушы (2002) білім алатын 1 орта мектеп, 1963 жылы құрылған №193 ауылдық кәсіптік-техникалық училищесінің негізінде ұйымдастырылған №28 кәсіптік-техникалық мектеп, стадион, Мәдениет үйі және тағы басқа нысан-құрылыстар бар. 1975 жылы ауылдың теріскей жағындағы қыратта теледидар хабарын қабылдап, тарататын биіктігі 235 метрді құрайтын мұнара салынды. Аққу ауылына таяу Ертіс қойнауынан біздің заманымыздан ондаған мың жылдар бұрын өмір сүрген жануарлар қаңқасы көп ұшырасады. 1951 жылы геолог В.В.Лавров Аққудан оңтүстікке қарай екі шақырымдай жерден, Ертістің жиегінен бір жарым метр тереңдікте жатқан адамның мүрдесін тапты. Ғалымдар оны мыс дәуірінде (біздің жыл санауымызға дейінгі XVIII-XIII ғасыр) өмір сүрген деп анықтады. Аққулықтар өз ауылынан шыққан, осы аймаққа еңбегі сіңген азаматтарын әрдайым қастерлеп жүреді. Осынау адамдардың есімдерін ел жадында сақтау үшін ономастикалық комиссияның ұсынысымен ауылдың бірнеше көшесінің аты өзгертіліп, жаңа атаулар берілді. Аудандық мәслихат алты ұсынысты бекітті. Айталық, Аққу ауылында Ыдырысханов Ғаббас, Хамзин Серік, Тәшімов Қаят, Баймағамбетов Бейсенбай, Шарапиденоа Темірболат, Қадырбаев Шайман атындағы көшелер пайда болды. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 434 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: