20:26 Аққулы (Лебяжі) ауданына – 80 жыл! | |
Қылыағаш ауылдық округі / 1939 жылы құрылды. Оған Бесқарағай және Босбос (Подпуск) ауылдары кірді. Жалпы тұрғын халқының саны 1381 адамды құрады (1999). Бесқарағайдың тарихи атауы – Шұңқыр су, сондай-ақ бертінге дейін Көкүй деген қосарлы атпен аталып келді. Мұнда Ресейден қоңыс аударған Серемин деген бай Қазан төңкерісіне дейін қой ұстаған. Осы отардың және Голощекин атындағы ұжымшар отарының негізінде 1932 жылы кеңшар ұйымдасты. «Бесқарағай» асыл тұқымды қой зауытының үш шопаны – Жанпейіс Сыздықов, Балғабай Оспанов, Жұмабек Жанғожин – Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. бесқарағай аймағы өзінің әсем табиғатымен, жануарлар дүниесінің сан-алуандығымен көз тартады. Оның тоғайында қалампыр, долана, қарақат тәрізді жеміс-жидектре мен шипалы шөптер қалың. Қараләйлек, кіші ақтырна, әупілдек, жылқышы, құс тәрізді құстар мекендейді, қызыл балық қыстап, уылдырық шашады. Босбос (Подпуск) – Лебяжі ауданындағы көне елді мекендердің бірі. Ол Сібір шекара жүйелерінің әскербасы генерал-майор Киндерманның жарлығымен Ертіс әскери линиясындағы редут ретінде 1745 жылы салынған. 1838 жылы Сібір казак әскері Семияр станицасының казак поселкесі болып өзгертілген. «В 28 верстах от Лебяжьего отдаляются бугры от Иртыша и придешь опять в низкую совершенно соленную и иловатую равнину, в которой в шести верстах увидишь Подпускную станицу с развалившимся деревянным укреплением и восемью домами», деп жазады Петр Симон Паллас 1770 жылмен белгіленген жол-жазбаларында. Босбос ХХ ғасырдың 20-жылдарында контрреволюциялық бүліктердің тірек пункттерінің бірі болды. Кеңес жылдары мұнда аудандағы тұңғыш жергілікті өнеркәсіп артелі ұйымдастырылды. Соқыр Омар (Темірғалыұлы) осы Босбос тұсында қолға түсіп, қызылдардың қолынан қаза тапты. Босбос тұсынан палеонтологтар оңтүстік пілінің, Стенон жылқысының, Шлоссер түйесінің, эласмотерия мүйізтұмсығының, тағы басқа көне дәуір жануарларының қаңқасын тапты. Қазы ауылдық округі / Қазы және Қызылұз ауылдарын біріктіреді. Қазы ауылы осы аттас көлдің (аумағы 5,7 шаршы километьр) етегінде орналасқан. Халқының саны – 814 адам (1999). Кеңшар құрылғанға дейін №23 қой кеңшарының бөлімшесі болды. «Қазы» кеңшары 1961 жылы Жамбыл атындағы және СОКП ХХІІІ съезі атындағы кеңшардың жерлерінде ұйымдасты. Қазы атауының шығуы туралы нақты дерек жоқ. Жердің шұрайына қарап қойылды ма екен деп жорамалдауға болады. Павлодар облысының энциклопедиясында көрсетілген «Этнонит (Уақ тайпасы, Жансары руы, Кенебай тарабы)» деген жолдар дерексіз: Кенебайлар Малыбай, Қазантай ауылдарын мекендеген, бұл жерде көне замандарда Игілік руының ауылдары болған. Бертініректе Найман руы қоныстанып, ұжымшар құрады. Қызылтұз ауылы осы жердегі Қызылтұз тұзды көлінің атымен аталған. Суы қыста қатпайды, алыстан алқызыл болып жатады. Көлде артемия-салмина емдік жәндігі өмір сүреді. Теріскей жағынан ертеректе тұз өндіретін болған. Көлдің қара батпағы емдік мақсатта (радикулит, остеохондроз т.б.) пайдаланылады. Бастапқыда Қызылтұз жеке ұжымшар болып, соңынан «Игілік», «Соревнование» ұжымшарларымен Жамбыл атындағы ұжымшарға бірікті. 60-жылдары «Қазы» кеңшарының бөлімшесі болды. Қызыләскер ауылдық округі / Орталығы – Қарақала (Черное) ауылы. Павлодар-Семей тас жолының бойында, облыс орталығынан 79, Аққу ауылынан Қадыр / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округінің «Бесқарағай» асыл тұқымды қой зауытының мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Бесқарағай елді мекенінен Қазақ КСР 15 жылдығы / Лебяжі ауданындағы бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің шалғай учаскесі. Майқарағай елді мекенінен Қазантай / Ауылдық елді мекен, Малыбай ауылдық округінің («Лебяжі» аудандық ауыл шаруашылық бірлестігінің бұрынғы) бөлімшесі. Елді мекен ауылдық округ орталығы Малыбай елді мекенінен Қазы / Ауылдық елді мекен, 1966 жылдан бері ауылдық округ орталығы. Елді мекен Қазы тұзды көлінің жанында, Павлодар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қалқалы / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің шалғай учаскесі. Майқарағай елді мекенінен Қалша / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округінің қонысы. Бесқарағай елді мекенінен Қамыстыкөл / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің қонысы. Ямышево елді мекенінен Қараауыл / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің шалғай учаскесі. 1931 жылы елді мекенде Қызыләскер ауылдық кеңесіне қарасты «Тілектес» ұжымшары құрылған. 1939 жылға дейін елді мекен мен ұжымшар Павлодар ауданының құрамында болған. Қараауыл қоныстың алыстан қарайып көрініп тұруына байланысты аталған. Қарағанды / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Шарбақты елді мекенінен Қаракесек / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің «Қызылқоғам» бөлімшесі. Қаракесек – Арғын тайпасының ру атауы. 1929 жылы Қаракесек елді мекенінде Қызылқоғам ауылдық кеңесінің «Қызылқоғам» ұжымшары құрылған. 1939 жылға дейін елді мекен мен ұжымшар Павлодар ауданына қараған. Қарақала / Ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің орталығы. Елді мекен Павлодар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қараман / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қазы ауылдық округінің шалғай учаскесі болған. Қазы елді мекенінен Қаратал / Лебяжі кеңшарындағы бұрынғы ауылдық елді мекен, қазіргі Шарбақты ауылдық округіне қараған. Халқының саны 11 адам (1970 жылы) болған. Тал, шілік т.б. ағаштардың қаулап өсуіне байланысты қойылған. Қасымбаза / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округіне қарасты мал жайылатын шалғай учаскесі. Халқының саны 7 адам (1970 жылы) болған. Қасымның базасы мағынасында айтылады. Қималы / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің шалғай учаскесі. Ямышево елді мекенінен Қоздау / Бұрынғы елді мекен, Жамбыл ауылдық округінің мал жайылатын шалғай учаскесі. Жамбыл ауылынан Қорт / Елді мекен, Майқарағай ауылдық округіне қарасты бөлімшесі. Елді мекен ауылдық аймқтың орталығы Майқарағай елді мекенінен батысқа қарай Қостең / Бұрынғы Лебяжі кеңшары, Шарбақты ауылдық округіне қарасты мал жайылатын жері. Шарбақты ауылынан
Құлатай / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің шалғай учаскесі. Майқарағай елді мекенінен Құмсуат / Ауылдық елді мекен, қоныс. Қызыләскер ауылдық округіндегі бұрынғы бөлімше. Қарақала (Черное) елді мекенінен Құрөлең / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округінің шалғай учаскесі. Шарбақты елді мекенінен Қызылағаш / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық округі «Бесқарағай» орман шаруашылығының кордоны. Шақа елді мекенінен Қызылқоғам / Ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің бұрынғы бөлімшесі. Елді мекен Ямышево елді мекенінен Қызылтұз / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қазы ауылдық округінің бөлімшесі. Тұрғындардың саны 189 адам (1970 жылы) болған. Елді мекен «қызыл (таяз сулы, тұзды жұқа қабатымен сипатталатын) көл» дегенді білдіретін Қызылтұз көлдің атауымен аталған. 1938 жылы Қызылтұз ауылында «Қызылтұз» ұжымшары құрылды. Қызылшілік / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округіне қараған. Халқының саны 14 адам (1970 жылы) болған. Қызылшілік – өз атауын шіліктің (аласа тал) түріне байланысты алған. (жалғасы бар) әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |