ҒАЛАМТОРЛАНУДЫҢ «ҒАЖАПТАРЫ»
Жуырда дос-жараңдар мессенджер арқылы Инстаграмдағы balgynbek_imash деп тіркелгеннің мынадай дегенін жариялады: «Қазіргі интернетте «Көк китпен» ойнап жүрген балаларды естіп, ауылда интернетсіз, сабалақ көк итпен ойнап өскен балалық шағыма шүкіршілік етемін. Үйде ойыншыққа таласып шулап кетсек, әке-шешеміздің қабағымен бір қарағанына бәріміз «тихий дом» болатынбыз. Жаздыгүні «разбуди меня 04:20» демесең де, таңғы төрт жарымда борбайыңнан суырып алып, көк итке қосақтап, қойдың кезегіне қоя беретін. Содан өліп қалған бала көрген жоқпын. Қазіргілердікі еріккендік. Баладан бұрын ата-анасын тәрбиелеу керек». Басқа алып-қосар жоқ.
Не керек, ғаламторсыз һәм оның бір ажырамас бөлігіндей тұрақтанып қалған әлеуметтік желілерсіз көрер күн қараң боп қалғандай ма, қалай?! Жұмыс орнында отырып та, жайлы үйде жастық жастанып жатып та қажетті ақпара
...
Читать дальше »