АМАН БОЛ, АСЫЛ ҚАРТТАРЫМ!
Қазан айының туысымен ірілі-шағын елді мекендерде қашаннан қалыптасқан игі дәстүр бойынша Халықаралық егде адамдар күні есте қаларлықтай аталып өтеді. Бесқарағай ауылында осынау әйгілегіш биыл «Аман бол, асыл қарттарым!» атты кешенді шарамен ойдағыдай ұйымдастырылды.
Айта кету керек, аталмыш шараны өткізуге Қызылағаш ауылдық округінің әкімшілік аппараты мұрындық бөлді. Аймақ, аудан, ауыл көлемінде өткізілетін көлемді шараларды ұйымдасқан түрде өткізуде бірлік, ынтымақ, өзара түсіністіктің таптырмас үлгісін көрсетіп жүрген һәм ауыл әкімі Ж.Байтілеуова асқан менеджерлік танытатын әкімшілік аппарат бұл жолы да абыройлық танытты. Мектептің мәжіліс залында егде жасқа келген алпыс шақты жанға буы бұрқыраған қазақы дастарқан жайып, кішіпейілдік танытып, қонақжайлылықтың бірегей үлгісін көрсетіп бақты.
Дәм-тұзды дастарқан басында шүйіркелесе жиналған егде жандар бір-бірімен емен-жарқын көрісіп, жар
...
Читать дальше »