СОҒЫС АРДАГЕРІ ЗЕЙНОЛЛА АҚСАҚАЛДЫҢ МӘҢГІЛІК БЕЙНЕСІ

Қарт Ертісті жар жағалай орын тепкен Лебяжі ауданына қарасты Бесқарағай ауылынан Ұлы Отан соғысы майданына аттанып, соғыс жеңімпазы болып елге есен-аман оралып, бейбіт күндерде тұлғасымен оқшауланған тұлғаның бірі Жанпейісұлы Зейнолла ақсақалдың орны бөлек еді. Осыдан үш жыл бұрын дүниеден өткен асыл текті марқұмның ұмытылмас бейнесі әлі күнге дейін жадыда сол күйінде тұрғандай. Өмірінің он жылында ауыл имамы болып жүрген кезде айтқан нақыл-өсиеттері де құлақта тағылымдық құдіретімен жаңғырады.

Қой өсіру шаруашылығымен айналысып отырған Бесқарағай ауылында 1926 жылы қарапайым шаруа отбасында дүние есігін ашқан Зейнолла әкесі Жанпейіс һәм анасы Рузаның тәрбиесін көріп өседі. Жанұядағы бес баланың екіншісі болды. Өзінің алдында әпкесі Майрашпен, өзінен кейін келген Сағидолла, Сәкіжан және Амантай есімді інілерімен құлын-тайдай бірге өсіп, балалықтың қайталанбас қызығын басынан кешті.

... Читать дальше »
Просмотров: 1070 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 14/03/2015 | Комментарии (0)

ЖЕҢІСТІҢ ӨЛМЕС ТУЫ

Осыдан алпыс төрт жыл бұрын

Алыстағы Алман елінде,

Жауыз фашис жерінде,

Әлемге әйгілі Берлинде,

Бас орда – Рейхстагта,

Дәлірек оның басында,

Желбіреді Жеңістің өлмес туы.

Гитлер-фюрерсұм соғысты бастаған,

Фашизм деп жатпай-тұрмай қақсаған,

Алман елін үгіттеген, даттаған,

Жаһан мәнін улаған да таптаған.

Бәзбіреуге қазып еді түпсіз ор,

... Читать дальше »

Просмотров: 655 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 14/03/2015 | Комментарии (0)

Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі

Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамалар құрылды. Фашистермен шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316- шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивизиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы атты әскер дивизиялары, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадалары, 209- Зайсан, 219-минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші, 992-ші авиациялық полктар даңққа б ... Читать дальше »

Просмотров: 1037 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 14/03/2015 | Комментарии (0)

ШЫҒЫН КӨЛЕМДЕРІН ҚЫСҚАРТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің экономикасына сыртқы факторлардың әсер етіп отырғандығын айта келіп, экономикалық кеңістікте пайда болған негізгі «сырқаттың» диагнозын дәл басып айтты және оны сауықтырудың жолдары мен нақты атқарылар шараларды атап көрсетті. Мемлекет басшысы екі сыртқы фактордың әсеріне арнайы тоқталды. Біріншісі – әлемдік нарықтағы мұнай бағасының төмендеуі. Былтырғы маусым айынан бастап байқалған бұл проблема барлық елдерге өз әсерін тигізуде. Сондай-ақ, еліміздің сыртқа шығарып отырған экспорттық тауарлары – түсті металл, тыңайтқыш секілді шикізаттар бағасының әлемдік нарықта төмендеп кетуі. Екіншісі – көршілес Ресей экономикасында орын алып отырған жағдайға байланыс­ты. Мәселен, Ресей рублінің девальвацияға ұшырауы. Міне, осындай факторлардың біздің экономикамызға әсерін айта отырып, Президент Үкіметке нақ ... Читать дальше »

Просмотров: 770 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 14/03/2015 | Комментарии (0)