САЛТАНАТ һәм МЕРЕКЕ ШАПАҒАТЫ
Әлбетте, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осынау уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы – тұрақты саясат һәм ішкі бірліктің арқасы.
Жуырда Лебяжі ауданы орталығы Аққудағы Мәдениет үйінде тұғырлы Тәуелсіздігіміздің жиырма үш жылдығына арналған салтанатты-мерекелік кешенді шарасы ұйымдасқан түрде өткізілді. Аталмыш шараның басында сахна төріне аудан әкімі С.Жанғазинов шақырылды. Құттықтау сөзінде Серік Хасенұлы өзіне сеніп тапсырылған аудан тұрғындарын мән-маңызы ауқымды, қадір-қасиеті құдіретті Тәуелсіздік күнін азаматтық-патриоттық тұрғыдан екшей ерекшеледі.
Мерекенің бірінші бөлімі мемлекеттік қызметкерлердің ант беру рәсімімен басталды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған әрбі
...
Читать дальше »