КӘМИЛАНЫҢ ӘМБЕБАП ӘРЛІЛІГІ
Жалғанда адамның адамдығы һәм азаматтығы халық қамы үшін жасаған қажырлы қайраткерлігімен, қажымас еңбегімен танылады әлбетте. Асылында, «өшпес ат пен өлмес хат» қалдырған жанда басқа арман жоқ қой.
Биыл Лебяжі ауданының құрылғанына жетпіс бес жылдың жүзі болғаны белгілі. Ал осынау мерейлі жылдар аралығында ауданға қарасты ауылдарда ерен еңбегімен көзге түсіп, даңқ-құрметке бөленген асыл азаматтар қаншама. Сондай жандардың бірі – Кәмила Өмірбайқызы Әмрина.
Өткен ғасырдың бел ортасында Лебяжі ауданы Шарбақты ауылына қарасты Төсағаш бөлімшесінде жұмысшы отбасында дүние есігін ашқан Кәмила 1957-1964 жылдарда сондағы Зор-Октябрь жеті жылдық мектебінде, ал 1964-1967 жылдары Шарбақты орта мектебінде оқыды. Жоғары сыныпта білім алып жүріп, аудан орталығындағы №93 Лебяжі ауылдық кәсіптік техникалық училищесі филиалының кешкі бөлімінде қатар оқып,
...
Читать дальше »