21 қарашада болған мектептік сапжиында ОІМ Ибраһим Б.К. қарашаның 16-18 аралығында облыс орталығы Павлодардағы Оқушылар сарайында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған облыстық "Атамұра" сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінің "Керамика, мүсін және ағаш, металды көркемдеп өңдеу" номинациясы бойынша І дәрежелі Дипломға ие болған 9 қазақ сынып оқушысы Жұмаш Асхатты, оны дайындаған ұстазы Асанов Қ.Қ. Алғыс хатқа ие болғанын жария етті. Сондай-ақ бұл жиын барысында сенбі күні ауданда өткен тоғызқұмалақ жарыстарында жүлдеге ие болған оқушыларды, мектептік кіші олимпиада жүлдеге ие болған оқушыларды мадақтады.
Просмотров: 884 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/11/2011 | Комментарии (0)