21:12
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?

Жадының жақсы жұмыс жасауы талантқа емес, тәсілге байланысты

Адам ақпаратты есте қалай сақтайды? Абай айтқандай, тұшынып, ғибрәтләну керек пе? Әлде қазіргі ғылым не дейді?

Біз затты өз алдына жаттай алмаймыз. Егер басыңды қазір ақтарса, оның ішінен бірде-бір доп, мектеп, киім, кітапты таппайсың. ми заттарды бөлек емес, олардың арасындағы байланысты сақтайды. Мысалы, генератордың ішінде тоқ жоқ. Қашан оны айналдырсаң, электр тогы пайда болады. Ми да солай, алма деген сөзді іздесең, сонымен байланысқан бейнелер мыңдап шыға бастайды: қызыл алма, жасыл алма, көк алма, сары алма, дәмді алма, дәмсіз алма, шіріген алма, кепкен алма, құрттаған алма, көгерген алма, апорт алмасы, америка алмасы, поляк алмасы, Apple компаниясының логотипі, алманың компоты, алманың тосабы, алма пирогі, алма штруделі, алма ағашы, алма ағашының гүлі, т.б.

Алманы көрмеген адамға оны жаттату қиын. Ал қашан оған алманың суретін көрсетсең, дәмін таттырсаң, иіскетсең, тіпті ішін кеміріп жүрген құртын көрсетсең, ол бұдан кейін ешқашан алманың не екенін ұмытпайды. Алма деген сөзді естігенде, оған қатысты барлық байланыстар зу етіп бейнеге енеді. Шынайы алманы қолына ұстап тұрған кезде мида қандай процесстер орын алса, енді алма деген сөзді естігенде де дәл сол процесстер қайталанады. Құрт пен алма деген екі нәрсені өз алдына бөлек жаттау өте қиын. Ал егер құрттаған алма деген сөзді біреуден естісең, оның жатталу ықтималдығы сәл көбейеді. Ал егер құрттаған алманы көрсең, онда оны ұмытпайсың. Демек, сөзден гөрі бейне жақсы жатталады.

Егер мектеп мұғалімі «Балалар, жаттап лаыңдар, мынау жасыл түс» десе және «Балалар, бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өту керек» десе, қайсысы бірден жатталады? Дәл сол секілді 1945 деген санды жаттау қалай және 1945 жылы соғыс бітті деп жатау қалай? осылай байланыстыру арқылы жаттау процесі жүзеге асады.

Жаттау барысында қанша уақытқа жаттағың келетіні, яғни мақсат маңызды. Екі адам бірдей ақпаратты жаттады дедік. Бірі ақпаратты 1 аптаға, екіншісі 1 айға дейін есте сақтауым керек деп жаттады. Арада 2 ай өткенде кімнің есінде ақпарат көбірек сақталды деп ойлайсың? Екінші адамның есінде ақпарат ұзақ сақталады.

Есте сақтау үшін қызығушылық және қалаудың қатар жүруі өте маңызды. Бұл екеуінің біреуі болмаған жағдайда ақпарат тез ұмытылады.

Үйге келгеніңде киімілгіште гитара ілініп тұрғанын көрдің делік. «О, үйге гитара келіпті ғой» демейсің. Керісінше «О, үйге Нұрлан келіпті ғой» дейсің. Нұрлан – гитарамен ән слатын туысқаның. Ми заттардың арасындағы байланысты жаттайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 100 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: