13:42
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУДЫ КҮШЕЙТЕТІН ЛАЙФХАКТАР

Өтірікшінің де есте сақтау қабілеті мықты болуға тиіс

Мидың жұмысын жақсартатын, есте сақтауға пайдасын тигізетін жаттығулар, әдістер, лайфхактар бар. Соларды тізбелеп, түсіндіріп шығайық.

 

Сурет салу

Experimental Aging and Research журналында Ватерлоо университетінің профессоры Мелиса Меденің ғылыми мақаласы жарық көрді. Онда екі түрлі топқа: жастарға және қарттарға заттардың атын жаттау тапсырылыпты. Бірінші бөлімде заттардың суретін салу арқылы жаттаса, екінші бөлімде дауысын есту арқылы дегендей, әрүтрлі әдіспен жаттапты. Суретін салған эксперимент жақсы нәтиже көрсеткен. Сурет салу кеңістікте заттардың орналасуына, визуалды және вербалды функцияға жауап беретін ми бөліктерін белсендендіреді.

 

Өлең жаттау

Бұл – өзектілігін жоймайтын қажетті қабілет. Өлең ұйқасы миды ләззатқа бөлейді. Өлең жаттап біткенше, мида бұрын-соңды болмаған жаңа нейрондық байланыстар түзіледі. Кез келген ортада тыңдаушының құлақ құрышын қандыратын өлең жаттап алсаң, абыройың қалай асқақтайтынын елестете бер. Тек лирикалық емес, тарихты баяндайтын өлеңдер, батырлар жыры, өлең-жұмбақтармен репертуарыңды байытып алсаң болады.

 

Сөзжұмбақ шешу

Сөзжұмбақ, сканворд, анаграмма, басқатырғыш, ребус шешу секілді ойындар миға біраз күш салып, ұқсас сөз іздеу, синоним, антоним табу секілді әртүрлі әрекеттер ширықтырады. Бұларды газет бетінен іздемей, смартфонға арналған мобильді қосымшаларды жүктеп алсаң болады. Мысалы, Elevate, Lumosity, т.б.

 

Тауға, ағашқа шығу

Тауға шыққанда, ағашқа өрмелегенде адамның кеңістікте өзін-өзі басқаруын, тепе-теңдікті сақтауын қамтамасыз ететін ми бөліктері жақсы жұмыс істейді. Оның үстіне күн сайын жасала бермейтін бұл белсенді қозғалыс түрі денсаулыққа пайдалы.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 104 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: