20:39 Жады-нама |
ЕСТЕ САҚТАУДЫ КҮШЕЙТЕТІН ЛАЙФХАКТАР Өтірікшінің де есте сақтау қабілеті мықты болуға тиіс Мидың жұмысын жақсартатын, есте сақтауға пайдасын тигізетін жаттығулар, әдістер, лайфхактар бар. Соларды тізбелеп, түсіндіріп шығайық.
Көзді жұму Көз арқылы ақпараттың 80%-ы миға түседі. Көзді көп қалданғандықтан, басқа сезім мүшелерінің қабілетін оятуға тырыспаймыз. Ендеше, оған тосынсый жаса: көзіңді 5-10 минут жұмып, тірлік істеп көр. Терімен сезу, есту секілді қабілеттердің қосымша күштері оянады. Сезу арқылы теңгені, ақшаны айырып үйрен. Көз жұмулы кезде айналаңда шыққан дасуыстардың қайдан шығып жатқанын, қайнаркөзі не екенін тап. Зағип жандарға арналған әріптерді үйреніп көрсең де болады.
10 минут жаттығу жасау Он минут жаттығу жасау кезінде есте сақтау қабілетіне жауапты ми қатпарларының жұмысы жақсарады. Мұны Ирвайндағы Калифорния университеті және Жапоонияның цукуба университетінің ғалымдары «Proceedings of The National academy of science» журналында жариялады. Емтихан алдында 10 минут серуендеп, жеңіл жаттығу жасаса, нәтижесі өте жақсы болады. Бұрын оқыған ақпараттарды еске түсіріп қолдану процесі жеңілдейді.
Мидың жұмысын жеңілдету үшін қағазға жазу Мидың мүмкіндіктері көп екен еп, барлық шаруаны оған артып қоюға болушы еді. Бірақ бұл жерде өнімділіктен гөрі тиімділікті қарау керек. Иә, рас, ми миллиардтаған ақпаратты есте сақтай алады. Бірақ оған қаншама энергия кетеді. Ал бізге тиімдісі – бізге қажетті ақпараттарды уақытында қолдана білу. Мысалы, ұсақ істерді, ертеңге арналған жоспарды, рецептті қағазға жазып қойсақ, мидың жұмысын жеңілдетеміз.
Әр заттың өз орнын белгілеу Жапондық Кайдзен философиясы бойынша, әр заттың өз орны болуы керек. Балғаны асханадан, кітапты ваннадан, стақанды кіреберістен іздемеу керек. Балғаны іздегенде құрал-жабдық сақталатын бөлменің қай бұрышында тұратыны санаңда сақталуға тиіс. Оны іздеуге уақыт, энергия, жүйкеңді құртпай, бірден орнынан барып ала саласың. Бізде әрдайым көліктің кілтін, смартфонның қуаттау құрылғысын, шұлықты, скотчты іздеу операциясы жүріп жатады. Тек қана іздеуге жылдың бірнеше күнін құртып тастаймыз.
Дауыстап оқу Дауыстап оқу жылдам оқуға кедергі болса да, ара-арасында оқып тұрудың әбестігі жоқ. Әсіресе шет тілінде сөздің дұрыс оқылуын үйрену үшін дауыстап оқу маңызды. Дауыс арқылы, әріп арқылы миға түрлі ақпарат барады және осы екеуіне жауапты ми бөліктері белсенді болады. Жақсы тәжірибенің бірі – бүлдіршіндерге ертегіні дауыстап оқып беру, суретін көрсету. Сонда әрі визуалды, әрі аудиалды ақпарат ағыны жүреді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |