13:58 Жады-нама |
БАСЫҢДАҒЫ ҒАЖАЙЫП МИДЫҢ ҚАБІЛЕТІ ҚАНДАЙ? «Ми бәрінде бар, тек қолдану нұсқаулығын бәрі оқи бермейді» Хью Лори Ми – әлемде теңдесі жоқ ғажайып орган. Сен «есте сақтауым нашар, миым дұрыс істемейді» деп миыңа көңілің толмауы мүмкін. Бірақ ми – мінсіз мүше, ақауы жоқ. «Өзіңе прокурор, өзгеге қорғаушы бол» демекші, өзіңнің надандығыңнан миды кінәлап шығу дұрыс емес. егер көлік айдай алмасаң, оған көлік ешқашан кінәлі болмайды емес пе? Айдай алмаған, үйренбеген, оқымаған өзіңнен көр. Иә, ми секілді ғажайып мүше табиғатты жаралмаған. Ми бәрін көреді, бірақ саған айтпайды. Сен қызыққан нәрселерді ғана айтып отырады. Тойота Камри 70 деген көлікке қызысаң, соны көшеден қайта-қайта кезіктіре бересің. Бұған дейін де ми оны байқап жүрген. тек сен қызығушылық танытқан соң әрбірін көрсете бастады. Миды қаншама ғасырлардан бері зерттеп жатса да, оның қалай жұмыс жасайтынын әлі таба алмай келеді. Кейде миды мықты компьютермен салыстырып жатады. Әлемдегі ең мықты клмпьютердің өзі адамдікін былай қойғанда, бал арасының миына да жете алмайды. Қарап тұрсаң, компьютер өздігінен оқи алмайды, дами алмайды. Өзін-өзі қиындата алмайды. Ал ми осының бәрін жасайды. Ми жасушасы – нейрондар басқа жасушаларға мүлдем ұқсамайды. Бұл жасушалардан ұзын бұтақ тарайды, оны аксон деп атайды. Әр аксоннан бұтақшалар тарайды, оны дендрит дейді. Ойлап көрші, басыңда милиардтаған нейрон бар, олардың бәрінің бұтағы, бұтақшасы бар. Бір басыңда қандай қалың орман жұмыс істеп тұрғанын аңдаған шығарсың. Жай орман емес, ақылды, қозғалатын, электрлі орман. Қызық мұнымен бітпейді. Бір нейронның дендриді басқа бір нейронның дендридімен байланысады. Қол ұстасып билеген жұп секілді. Екі нейронның байланысуын синапс деп атайды. Осылай ақпараттар бір-біріне өтеді. Ақпаратты өңдеу, беру, қабылдау үшін нейрондар басқа нейрондарды қозғалып тұрып табады. Байланысады, қайтадан ажырайды. Қозғалыс тоқтамайды. Байланысқан нейрондар бір-біріне электр импульсін жібереді. Осы импульс арқылы ақпарат беріледі. Бұдан бөлек нейрондар айналасына нейротрансмиттер деп аталатын химиялық зат жібереді. Бұл да ақпарат таратудың бір жолы. Дәл осылай күні-түні жұмыс жүріп жатады. Ал біздің одан түк хабарымыз жоқ. Былай ойласаң, ми деген Токио сынды үлкен мегалополис сияқты. Жап-жарық, ағып жатқан көліктер, жанып жатқан сәулелер. Тағы бір қызық факт, нейронның диаметрі 4-100 микрометр аралығы. Салыстырмалы түрде алғанда, футбол добы диаметрі 20 микрометрлік нейроннан 1,4 есе үлкен. Алайда барлық нейронды бір-біріне қосып шықсаң, онда бұл шынжырды ұзақтығы 1720 км-ге бір-ақ жетеді! Бұл дегенің Алматы мен Петропавлдың арасындай қашықтық. Ал сен жадым нашар деп өзіңе ренжисің. Дұрыс қолдана алмасаң, оның кінәсі не? баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |