19:12
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІМЕН ТАНЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАР

Өртенген зертхананы қайта құрап шыққан

Өнертапқыш, физик, инженер, біздің әлемге айнымалы токты әкелген Никола Тесла параққа бір қараса болды, жаттап алатын болған. Тесланың фотографиялық жадысы өте мықты болған. Оған ешқандай кітаптар, анықтамалық қажет болмапты. Қандай да бір ақпарат, кесте, формула қажет болса, бәрін санасынан тапқан. Сол үшін басқа ғалымдар секілді қойын дәптерге ештеңе жазбаған. 1885 жылы зертханасы жанып кеткенде, бәрін еске түсіріп, қайта қалпына келтірген. Көптеген сызуларын басында сақтапты. Ойша түрлі сызбалар жасап, есеп шығарып отырған. Оған қоса ол сегіз тілде еркін сөйлеген.

 

Бағдарлама кодтарын ұмытпаған

Билл Гейтс әлемнің ең бай адамы бола тұра, өзі жазған бағдарлама кодтарын жадында сақтаған екен. Оның саны жүзден асыпты.

 

Бір мезгілде 32 партия ойнаған

Александр Алехин деген шахматшы тақтаға қарамай, бір мезгілде 32 ойын ойнап, төртеуінде ғана жеңілген. Ойын барысында барлық жүрісті ойда сақтаған. Өмірінде ойнаған бірде-бір ойынды ұмытпапты. Өзі алты тілде еркін сөйлеген. Адамның түрін ұмытпайтын болған. Адамдармен жолыққанда бұған дейінгі кездесуде қандай киім киді, не жасады, не сөйлегеніне дейін дәлме-дәл айтып, ыңғайсыз жағдайға қалдыратын болыпты.

 

12000 кітапты жатқа білген

Ким Пик – оқыған ақпараттың 98%-ын ешқашан ұмытпайтын деңгейге жеткізген америкалық. Өмірінің соңына дейін 12000-нан астам кітапты жаттап алған және бірден екі беттен оқыған. Бұл кісі туралы атақты «Аутист» фильмі түсірілген.

(жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 124 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: