20:22
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІМЕН ТАНЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАР

Болмасаң да ұқсап бақ

Есте сақтау – табиғи процесс. Ол болмаса, өміріміздің дым қызығы болмас еді, тіпті өмір сүре алмас едік. Қайдан келдік, қазір қайдамыз, қайда бара жатырмыз деп еске түсіре алмай, жарты жолда қалар едік. Ата-анамызды танымай, мектепке барған, мектеп бітірген сәттерді еске түсіре алмай, достарымыз болмас еді. Қысқаша айтқанда, есте сақтау – өте үлкен нығмет. Дәл сол секілді ұмыту да адам үшін таптырмас қажеттілік. Қайғыны, пайдасыз ақпаратты ұмыту бізге ауадай қажет.

Адамның жаңа білім алуына, бойға сіңіруіне көп нәрсе әсер етеді. Мысалы, мектеп, мұғалім, сынып, кітап, ата-ана, достары, қоршаған ортасы, сабаққа дайындалатын бөлмесі, қабырғаның түсі, мемлекеттің саясаты, мотивациясы, т.б. Осының ішінде ең көп әсер ететіні – сенімділік. Білімді алатыныңа, үйренетініңе сенімді болмасаң, бойға қонбайды. Бұны ҰБТ-ға дайындалған оқушылардан жақсы байқай аласың. ҰБТ-дан жоғары балл жинайтынына сенімді оқушылар жақсы дайындалады, ылғи мотивациямен жүреді, көп еңбектенеді. Нәтижесінде ойындағыдай балл жинап шығады.

Есте сақтау қабілетін күшейтуге, әдістерін үйренуге сенің сенімділігіңді арттыру үшін танымал тұлғалардан мысал келтірейік. Олардың ішінде қарапайым азаматтардан ел басқарушы тұлғаларға дейін бар.

 

Әскердің түгел есімін білген

Македонский, Наполеон, Цезарь – үшеуіне ортақ нәрсе – барлық жауынгерінің түрін таныған. Енді бірі есімдерін білген. Ал әскердің саны кемінде 20-30 мыңнан асқаны белгілі. Тіпті қайсысы алқаш, қайсысы батыр, қайсысы қорқақ екеніне дейін білген. Әсіресе, Наполеон картаны, әскердің орналасуын ұмытпайтын болған.

 

Шекспирді жатқа білген

Уинстон Черчилль Шекспирдің барлық еңбектерін жатқа білген. Дәл сол секілді Рейган, Рузвельттер де есте сақтау қабілетімен көпшілікті таңғалдырған. Күніне бірнеше кітап оқып, көпшілік алдына шыққанда ешқандай қағазға қарамай, шешен сөйлейтін болған.

 

Музыканы есте сақтап ұрлаған

Моцарт үш жасында әкесі мен әпкесі ойнаған музыкалық шығармаларды есінде сақтап, қайталап ойнаған. Он төрт жасында Сикстин капелласында ғажайып хорды естиді. Бұл шығарма өте құпия сақталған, басқа еш жерде ойналмайтын еді. Ал Моцарт үйге барып, жадында сақталған хорды толығымен жазып шығады.

(жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 135 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: