11:28 Туыстық атаулар сыры |
Нағашы (ер, әйел) – ананың төркін жұрты балаға (жиенге) нағашы деп аталады. Нағашы жұртын «сыншыл» дейтін үш жұрттың ішіндегі ең сыйлысы осылар. Олар жиенін әрқашан еркелетіп, сұрағанын беріп отырады. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудың барлығы да жиенге нағашы деп аталады. Нағашының жолы үлкен. Нағашы жиенін күндемейді, керісінше оның азаматтығы мен ізгі істеріне сүйініп, мақтанып, мақтап отырады. Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін. Нағашы жұрттың еркек-әйелдерін жиендері «нағашы апа», «нағашы жеңге», «нағашы қарындас», «нағашы іні», «нағашы аға», «нағашы ата», «нағашы әже» деп атайды.
әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |