10:38
Туыстық атаулар сыры

Аға (ер) – Бір әке-шешеден туған (немесе рулас ағайын-туыс) жасы үлкен жігіт – аға деп аталады. Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі. Жасы кішілер аға алдында әдеп сақтап отырғаны жөн. Олар жұмыс істеп жатса жастар «мен істейін» деп қол ұшын беруі керек. Аға жасы кішілер үшін айбар, қорған, сүйеніш әрі мақтаныш. Өйткені «ағасы бардың жағасы бар» ғой.

  • Ағаның үйі – ақжайлау.
  • Жеңім жаман болса да, жағам жақсы,

Өзім жаман болсам да, ағам жақсы.

  • Көп қаымақтың ағасы болғанша,

Бір ақылдының інісі бол.

 

Іні (ер) – бірге туған ағайынды адамдардың жасы кішісін «іні» деп атайды.оның жасы кіші юолғандықтан жолы да кіші болады. Ол аға, апа алдында кішілік міндетін түсінуге, мойындауға тиіс. Ағайындылар бас қосқанда жеңіл-желпі жұмысты іні атқаруға тиіс. Өйткені «інісі бардың тынысы бар». Іні – аға мен апаның ізбасары, сүйеніші, қолқанаты, сенімі, үміті. Ескере жүретін бір жай інінің баласы ағаға бала болады, ал сол балалар інінің апасына іні болып қала береді, яғни інісінің баласы іні болады.

  • Інісі бардың тынысы бар.
  • Аға – бордан, іні – зордан.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 309 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: