12:48 Туыстық атаулар сыры |
Ұл (ер) – шаңырақ иесі, ел, ру, әке кіндігінің жалғасы деп есептеледі. Ұл туғанда «ат ұстар» деп хабарлайды.
Қызға қырық үйден тыю.
Немере (ер / әйел) – ұлдың баласын «немере» дейді. Немере ата, әже үшін ыстық. Көбінесе олар тұңғыш немересін бауырына салып, «өз балам» деп өсіреді. Немере қанша жақсы көргенмен өз баласындай болмайды, өз балаңның көрсететін қызметін жасай алмайды. Өйткені оның өз әке-шешесі бар. Ол алдымен төл міндетін өз әке-шешесі алдында атқаруға тиіс.
Шөбере (ер / әйел) – немеренің баласы. Қарт адамдар үшін бұл ұрпақтың орны мүлде басқа. Қазақта «Шөберенің қолынан су ішкен адам тозақ отына күймейді» деген сөз бар. Шөберенің баласы «шөпшек», шөпшектің баласы «немене» деп аталады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |