12:09
Туыстық атаулар сыры

Бала (ұл / қыз) – ата-анадан тараған ұрпақтарды айтады. Жеті атадан санағанда бірінші буыны. Олар жынысына қарай «ұл», «қыз» деп аталады. Балалы үй бақытты үй деп бағаланады. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген дана халқымыз. Ұрпақтарын ата-бабаларымыз «ізбасарым», «мұрагерім», «қолқанатым», «азаматым», «көз қуанышым», «бақытым» деп еркелеткен және оларды көпсінбеген. «Бала көңілдің гүлі, көздің нұры». Ата-ана өз балаларын тәрбиелі, өнегелі, өнерлі, саналы, білімді етіп өсіруге міндетті. Халықта «балаңды бес жасқа дейін хандай көтер, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бестен әрі онымен досыңдай ақылдас» деген ғибратты қағида бар.

Қазақ халқы бірінші туған баланы «тұңғышым», одан кейінгілерін «ортаншы», ең соңғы туғанын «кенже» деп атайды. Олар ер жетіп өскен кезде ата-ана тұңғыштары мен ортаншыларын үйлендіріп жеке отау етіп, енші беріп бөлек шығарады да, кенжесі өз қолында қалады. Ол әке-шешесін асырауға, бағып-күтуге міндетті. Әке мұрасы сол кенже ұлға қалады. Оның үйі «қарашаңырақ» (яғни үлкен үй деген мағынада) деп аталады. Басқа балалар ол шаңырақты құрметтеп, қарайласып, әке-шешесінің сыбағасын беруді де ұмытпауы қажет. Балалар ата-аналарын төбесіне көтеріп асырауға, сыйлауға, құрметтеуге тиіс. «Адамдарға біз ата-аналарына жақсылық жасауды бұйырдық» деп жазылған Құран Кәрімде.

  • Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
  • Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.
  • Бала – адамның бауыр еті.
  • Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 308 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: