23:32
Туыстық атаулар сыры

Әке (ер) – ұрпақ иесі, панасы, айбары, үй басшысы және асрыушысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Ол тек бір отбасы ғана емес, ауыл, ру қамқоршысы, үлкен-кішіге бірдей қамқор азамат, ел ағасы ретінде көрінеді.

Өмірде әке мен ана қатар аталады. Олардың қызметі туған балалары үшін шексіз. Атаның күні, ананың сүті ұрпақ үшін шексіз де, өлшеусіз. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызыңды өтей алмайсың» деген сөз осының куәсі. Бұл парызды әр ұрпақ өзінің ата-анасына деген құрметімен, шын пейілімен, ризалық ісімен ғана өтей алады.

Әке-шешені ренжіту дінде – күнә, қоғамда – қылмыс, өмірде – ұят. Ата-ананың өкпе, наласына ұшыраған адамдардың жолы болмайды. «ата-анасы қарғағанды Тәңірі қарғайды» делінген Пайғамбар хадисінде.

Жақсы ата-ана, ер мен әйел ұрпақтың, елдің мақтанышы.

«Ақылды ердің ішінде,

Алтын ерлі ат жатар.

Ақылды әйел ішінде,

Алтын бесікті ұл жатар», -

деген мақалда тәрбиелік маңызы зор көрегендік жатыр. Ер мен әйел егіз ұғым, егіз тұлға. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.

«Әйелдер жерден шыққан жоқ,

Ол да еркектің баласы.

Ерлер көктен түскен жоқ,

Әйел оның анасы» -

деген халық сөзі осының айғағы.

Ата-ана бір отбасының екі арнасы, бала-шағаның тірегі, сүйеніші. Ұрпақтары үшін ата – әке, ана – шеше деп аталады. Ата-ана парызы өмірге ұрпақ әкеліп, оны тәрбиелеп өсіру. Бұл екеуін халық қосарлап айтқанда «ерлі-зайыптылар», «ерлі-байлылар» деп атайды.

Халық тілінде жанұя басы – ер адамды «отағасы», әйел-ананы «отанасы», «жұбайы», «зайыбы», «әйелі» деп сыпайылап атайды.

  • Әке – асқар тау, шеше – ағар бұлақ.
  • Әкеге қарап ұл өседі,

Шешеге қарап қыз өседі.

  • Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 281 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: