22:26 Тұлғалану толқындарында |
ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ЛАЙФХАКТАРЫ Асты шағын ыдыспен ішіңіз Байқасаңыздар, жеке табаққа салынып берілген ас мөлшері қалайда (үйде де, дәмхана, мейрамханаларда да) түгелдей желінеді. Өйткені адам миы алдына қойылған жеке табақтағы асты түгелдей тауысып жеуді міндетті меже ретінде қабылдайды. Бұған қоса адамның көзі көп жағдайда миды алдайды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, попкорнды жалпақ үлкен ыдысқа салып берген кезде 45%-ға көп желінген. Ұзын жіңішке ыдыстың орнына, аласа әрі жалпақ ыдысқа құйылған сусын 37%-ға көп мөлшерде ішілген. Мұндай жағдайдан шығу үшін тамақты кішкентай табақтарға қажетті мөлшерде салып жеуді әдетке айналдырыңыз. Сондай-ақ біздің қоғамда асылған ет, палау, қуырдақ секілді тағамдарды дастарқан басында оытрғандарға ортақ үлкен табаққа салып ұсынып жатады. Мұндай жағдайда ортақ үлкен табақтан жеке табағыңызға шақтап салып жеуге тырысыңыз. Өйткені көппен бірге ортақ табақтан ас жегенде тәбетіңіз ерекше ашылады. Нәтижесінде, мөлшерден көп жеп қоюыңыз әбден мүмкін. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
