21:17
Тұлғалану толқындарында

ТАР КИІМНІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫН БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

  • Тар киім қан айналымды бұзып, қанның жүрекке уақытылы жетуін кешеуілдетеді. Осының кесірінен бойыңыздағы оттегі азайып, әлсірейсіз. Қазір шаршау, ашушаң адамдардың көбеюінің бір себебі – тар киім киюде жатыр. Тырысқан джинсы секілді тар киім түрлері адам ағзасындағы лимфалардың қозғалысына кедергі болады. Соңында аяқ-қолдың ұюы, тромбоцит секілді мәселелер шығара бастайды. Егер шалбар аяқ пен ішті қысып тұрса, қан жоғары қарай баяу көтеріледі. Ал бұл әйелдердің жатыр маңайында қабыну мен ісінуге себеп болуы ықтимал. Сондай-ақ, аяқтағы вена тамырларының кеңейіп, түйінделуін туғызады. Зерттеулер көрсеткендей, әйелдердің 31%-ында осы сырқат бар.
  • Жасөспірімнің дене бітімінің дұрыс қалыптасуына кедергі болады. Әсіресе жамбас сүйегі дұрс дамымай қалу қаупі бар.
  • Зәр шығару жолдары сырқаты
  • Қан айналымының нашарлауы
  • Ас қорытудың нашарлауы
  • Бала көтерудегі қиындықтар
  • Жыныс жолдарында ауру туғызатын микробтар пайда болуы мүмкін.
  • Тар шалбар ер адам сперматозоидының саны мен сапасын кемітеді. Мұны ерлер қауымы ішкиім алар кезінде ескеруі керек.

Денсаулық үшін ыңғайлы да пайдалысы – кең, таза матадан тігілген киім. Киім таңдағанда сәннен бұрын сапаға көңіл бөлген жөн.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: