22:50 Тұлғалану толқындарында |
ЕКІ КЕМЕНІҢ БАСЫН ҰСТАМА! Барлық нәрсені бір сәтте меңгеремін, бәріне бірдей үлгеремін деу көп жағдайда адамды жеңіліске ұшыратады. Әр нәрсенің басын бір шалған адам ешбірін жарытпайды. Сондықтан күрделі істерді рет-ретімен, кезең-кезеңімен меңгеруге тырысыңыз. Әрі керемет суретші, әрі мықты кәсіпкер, әрі әйгілі әнші боламын деп барлығына бірдей ұмтылу – екі кеменің басын бірдей ұстаған сияқты қатерлі құбылыс. Бұндай адам суға кетеді, басқа жол жоқ. Тек жаныңыз қалаған бір іске ғана басымдық беріңіз. Біреуін тыңғылықты меңгеріп, үйренген сәтте өзіңізге деген сенімділік пайда болады. Жеңімпаз рух сізді екінші іске шабыттандырады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
