САУАТТЫ ТАМАҚТАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Не жесеңіз де, оны қорыту һәм сіңіру туралы ойлауыңыз керек. Көптеген денсаулық проблемалары, әсіресе, ішек жолдары ауруы асқазанның бұзылуын туындатады. Сондықтан одан аулақ болған жөн. Табиғи тамақтану ережелеріне тоқталсақ:
- Тамақтанудан бір сағат бұрын немесе бір сағат кейін бір стакан таза жылы су ішіңіз. Суды тамақпен бірге ішуге болмайды, өйткені су ас қорыту барысында химиялық заттарды сұйылтады.
- Күні бойы су ішу нормасын сақтап, барынша әдетке айналдырған жөн. Ең әуелі су, 15-20 минуттан кейін жеміс, 40 минуттан кейін тамақ.
- Тамақты кем дегенде 30-40 рет рет шайнаңыз, содан кейін жұтыңыз.
- Су ішу мен тамақтану арасында жемістен басқа ештеңе жемеңіз. Балғын жемістер ферменттерге өте бай болып келеді. олар тағамды энергияға және жаңа жасушаларға айналдыру процесіне пайдалы. Құрамында қанты аз жемістерді тамақтанудан бір сағат бұрын жегеніңіз абзал.
- Ыстық емес тағамдарды көбірек жеу. Кез келген тағамды 47 градустан жоғары қыздыру, ысыту қажетті ферменттерді жояды.
- Алдымен ақуыз бен көкөніс жеңіз. Оған қанағаттанбасаңыз, қара күшір, қарақұмық жармасы, хиноа, тәтті картоп (батат) және арпа сияқты пайдалы заттармен тамақтануды жалғастырыңыз.
- Органикалық сапалы алма сірке суы немесе лимон, зәйтүн майы, қара бұрышқа гималай қызғылт тұзын қосып салат жасап, оған бал қосып жеңіз.
- Мүмкіндігінше тағамдарды төмен температурада пісіру керек. Мысалы, асықпай дайындалған бұршақ тұқымдастар, көмірсулар, кейбір көкөністер, қызанақ, сәбіз, брокколи жақсы қорытылады. Мұндайда ең жақсы құрал – индукциялық пеш. Қатты ыстық тағамдағы ферменттерді бұзады және тірі тағамды тотыққан тағамға айналдырады.
- Көкөністермен қатар пайдалы майлар тұтыныңыз. Пайдалы май тұқыдарда, шикі жаңғақтарда, авокадода болады.
- Балықты майға қуырмаңыз. Буға пісіргенде лимон шырыны мен түрлі шөп қосып қолданыңыз.
- Сиыр, қой, құс етін қызанақ, сәбіз, брокколи немесе өзіңіз таңдаған басқа көкөністермен бірге қайнатыңыз немесе буға пісіріңіз. Өзінің майынан басқа май қоспаған пайдалы.
- Тамақ пісіру үшін болаттан жасалған ыдысты қолданыңыз. Алюминий ыдысты пайдаланбағаныңыз жөн.
- Тағам сақтауға арналған пластик ыдыстарды пайдаланбаңыз. Оның орнына шыны, керамикалық немесе тот баспайтын металл ыдыс қолданыңыз.
- Шамадан тыс кофе ішуден аулақ болыңыз. Өйткені олар қышқыл тағамға жатады. Таңертең мидың жұмысын жақсарту үшін бір шыныаяқ кофені кокос майымен ішуге болады. Кофе мен шаға қант немесе сүт қоспаңыз. Жасыл немесе шөп шай ішіңіз, себебі олар сілтілі.
- Қышқылданған тағамнан аулақ болыңыз. Мысалы, кесілген көкөніс оттегімен тотығады. Бұл әсіресе жаңа алманы кескенде байқалады. Егер жемісті тез арада жемесеңіз, кесектері қарайып кетеді де, пайдалы қасиеттерін жоғалтады және оттегімен әрекеттесу нәтижесінде зиянды «қышқыл» химиялық қоспа түзеді. Май қышқылдануға өте сезімтал болып келеді. жылу, жарық және ауа тағамдарды тотықтырады, ал тотыққан тағамдар пайдалы емес.
- Ішімдік (алкоголь) пен никотиннен аулақ болыңыз.
- Адам ағзасына зияннан басқа тигізер пайдасы жоқ харам заттарды айтпаса да білесіздер. Оны қайталаудың өзі артық.
Кем дегенде бір ай осылай өмір сүріп көріңіз, ағзаның қалай өзгеретінін байқайсыз! Бұл – денсаулықты қалпына келтірудің және сақтаудың жалғыз жолы.
Ас ішкенде дастарқанда тұрған тағамдар арасынан пайдалысын таңдап, талғай біліңіз. Ол үшін дастарқанға отырғанда автоматты түрде «мына тағам маған пайдалы ма, зияны жоқ па?» деген сұрақты өзіңізге қойыңыз. Мысалы, газдалған судың орнына табиғи суды таңдасаңыз, бұл – сіз үшін жеңіс.
Жейтін барлық нәрсеңіз бір-бірімен үйлесімді, ағзаңызға пайдалы болуға тиіс. Мысалы, буға піскен котлетті таңдап, оған майға қуырылған картошканы қосып жесеңіз, бұл – сіз үшін қате қадам.
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|