21:17 Тұлғалану толқындарында |
ҚАЙҒЫНЫ ЖЕҢІЛДЕТКІҢ КЕЛСЕ... Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім қиыншылыққа тап болған адамның қиындықтарын кетіруге көмектессе, Алла да оған көмектесіп, қиыншылығын кетіреді», - деген. Қазіргі таңда ғылым дәлелдегендей, адам баласы басқаға көмектескенде ағзасында дофамин, эндорфин, серотонин, окситоцин секілді қуаныш пен жақсы шабыт сыйлайтын гормондар бөлінеді екен. Расымен солай. Қайғыны бөліссе, азаяды. Қазіргі таңда көптеген психолог қайғыға тап болғандарға осы тәсілді ұсынуда. Өзіңді тәрбиелеп, сан түрлі жетістікке жеткен сайын адамдарға мейірімді бол! Ұлты мен жынысына, діні мен діліне, түрі мен тіліне, жасына қарамастан, барлық адамға құрмет көрсетіп, қамқорлық жаса! Мұқтаж болған жандарға қол ұшын беріп, көмектес! Көңілі түсіп, рухы құлаған жандарды сүйе! Ең болмаса, жылы сөзіңмен жандарын семірт! Мына әлемде жақсылықтың барын дәлелде, үміт сыйла! Абайдың «Адамды сүй, Алланың хикметін сез. Не қызық бар өмірде мұнан басқа?!» деген ғибратты сөзін әр кез жадыңда ұста! баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
