16:22
Тұлғалану толқындарында

ТӘУБЕ ТЕХНИКАСЫ

Басымызға түскен қиыншылық пен сәтсіздіктің себебін тек материалдық тұрғыдан іздеу қателік. Рас, Алла тағаланың жаратқан материалдық себеп-салдарлары мен түрлі заңдылығы бар. оларды қолымыздан келгенше орындауға міндеттіміз. Бірақ көп жағдайда адамдар өздері тап болған проблемалар мен қиыншылықтардың рухани астарына үңілмейді. Перденің арғы жағындағы сырларға мән бермейді. Алла тағала өзінен алшақтаған құлдарын өзіне қарату, жалбарынтып, тәубе етуі үшін әртүрлі кедергі жібереді. «Рум» сүресінің 41-аятында «Адамдардың өз қолымен істеген жамандықтары мен күнәларының кесірінен теңізде де, құрлықта да бүліншілік орын алып, ондағы жүйе мен тәртіптің астан-кестеңі шықты. Сол арқылы Алла оларға бәлкім, райларынан қайтар деп, өз қолдарымен істеген кесірлі істерінің зардабын тартқызуда» делінген.

Алла адамды қиыншылықпен сынайды. Өйткені өмір ешбір қиыншылықсыз, біз қалағандай керемет болса, Құдайды естен шығарып аламыз. Жалпы адам табиғаты солай. Қазақтың «Тісі ауырып, балтыры сыздамағанның Құдаймен ісі жоқ» деуі осыдан шыққан. Сондықтан әрдайым «Маған бұл қиыншылық не үшін келді? Қай жерде қателесіп, мүлт кеттім? Кімді ренжіттім? Кімнің ақысын жедім? Алланың маған жүктеген міндеттерін толық атқарып жүрмін бе? Бұл қиыншылықтар арқылы Алла менен нені қалайды?» тәрізді сұрақтарды өзімізге қоя білуіміз керек. Жан дүниемізбен сырласып, ішкі әлемімізге үңілуіміз қажет. Бірақ жоғарыдағы сұрақтар арқылы одан әрі үмітсіздікке түсіп, күйзелуден сақ болған жөн.

Құранда «Өздеріңді өздерің өзгертпейінше, Алла тағала сендер тап болған жағдайды өзгертпейді» («Рағд» сүресі, 11-аят) делінген. Демек, қатеңді түзетіп, шнайы тәубеге келу қажет.

Кез келген қиыншылық – Алла жіберген сынақ. Басқа түскен әртүрлі қайғылы жағдайға сабыр еткенде, күнәларымыздан арылып, ақыретте мол сауапқа кенелетініміз ақиқат. Бұл жайлы Алла елшісі (с.а.у.): «Алла тағала түрлі аур-сырқау, қиыншылық, уайым-қайғы, тіпті аяққа қадалған тікенек арқылы да мұсылман құлдарының күнәларын кешіреді», - деген.

Адам баласы өмірде душар болатын түрлі ауырлық өзі жасаған қателіктері мен күнәларының нәтижесі екенін түсінуі керек. Бұл жайлы Құранда «(Естеріңде болсын!) Бастарыңа келген қандай да бір қиыншылық өз қолдарыңмен істеген күнәларыңның кесірінен. Қайта Алла тағала барлық күнәларың үшін қиыншылық берместен, көбін кешеді» («Шура» сүресі, 30-аят) делінген. Демек, өміріміздегі келеңсіздіктер мен қиыншылықтар – көбінесе өзіміз жасаған күнәларымыздың нәтижесі. Ал күнәні тек тәубемен, Аллаға мінәжат етіп, шынайы жалбарынумен жоя аламыз. Аллаға толықтай мойынсұнып, ішкі руханияттың түзелгенде қиыншылықтардың тыйылатыны Құранның басқа аяттарында бар. «Талақ» сүресінде «Кімде-кім Аллаға тиісінше тағзым көрсетсе һәм қарсы келуден сақтанып, тақуалықты ұстанса, Алла оған тығырықтан шығатын жол ашып береді. Сондай-ақ ойламаған жерден ризық нәсіп етеді» («Талақ» сүресі, 3-аят) делінген.

«Нұх» сүресінде «Раббыларыңнан күнәларың үшін кешірім тілеңдер! Өйткені Ол өте кешірімді. Кешірім тілеп, тәубе жасасаңдар, Алла сендерге аспаннан нөсерлетіп нұр жаудырады һәм дүние мен бала-шағаларыңды молынан береді. Сондай-ақ сендер үшін бау-бақшаларыңды жайқалтып, өзендер ағызады» («Нұх» сүресі, 11-аят) делінген. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: