09:23
Тұлғалану толқындарында

КҮН мен ТҮН

Алла тағала күндізді тіршілік, түнді тынығу үшін жаратқан. Құранда: «Ұйқыларыңды дем алып, тынығу үшін жараттым. Сол үшін түнді жарыққа перде еттім. Ал күндізгі тіршілікке ыңғайлы етіп жарық қылдым» делінген. Адам жаратылысы осы күн мен түннің ауысу заңдылықтарына сай реттелген. Сол себепті адам ағзасында түрлі өзгеріс орын алады. Мысалы, адам бойында сіздің ұйықтап-ояну ритміңізді реттейтін, дене температурасын төмендетіп, ағзаларыңызды тыныштандыратын мелатонин атты гормон бар. Бұл гормон қараңғы түскенде домалақ бездерде түзіледі. Таңғы жуық мелатонин синтезі қысқарады. Керісінше, жарық түскен сайын қанда кортизол деңгейі көтеріледі. Бұл гормон бізді ұйқыдан оятып, сергітеді.

Тоқсан минуттық жарық қан құрамындағы мелатонин деңгейінің азаюына ықпал етеді. Нәтижесінде, сіз зорға ұйықтайсыз әрі нашар тынығасыз. Тіпті қан қысымыңыздың бұзылуы мен қант ауруына шалдығу мүмкіндігі артады. Сондықтан күндіз бөлмеңіз жарық болуын қадағалаңыз. Мүмкіндігінше, табиғи жарық түсуіне жағдай жасаңыз. Ал ұйықтар алдында бөлме жарығын барынша баяулатыңыз. Жатын бөлмеге арналған жарығы төмен шам қолданыңыз. Жатарда смартфон, телевизор көрмегеніңіз дұрыс. Жатын бөлмеде теледидар болмасын. Төсегіңізге смартфонды жақындатпаңыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 7 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: