23:08 Тұлғалану толқындарында |
ТАҢҒЫ УАҚЫТТЫҢ БЕРЕКЕСІ МОЛ Ерте оянып, уақытыңызды жалғыздық пен ешкім мазаламайтын тыныштықта өткізген кезңізде миыңыз сізді жетістікке жетелейтін дофамин гормонын бөле бастайды. Онымен бірге «бақыт» гормоны деп аталатын серотонин де пайда болады. Қауіп-қатерге дабыл қағатын стресс гормоны картизолдың деңгейі бойынша түседі. Бір сөзбен айтқанда, өзіңізді бақыт құшағында сезінесіз. Көңіліңіз көтеріліп, бойыңызда ғажайып қуат, өзіңізге деген ерекше сенімділік пайда болады. Адамға ең жақсы идеялар мен күрделі мәселелердің шешімі көңіл көтеріңкі, рухы мен санасы тыныштыққа бөленген сәттерде келеді. Кімде-кім таңғы екі сағатын, ең болмаса бір сағатын тиімді пайдаланып, өзінің жан-жақты жетілуіне, руханиятына арнай алса, ондай адам тек жетістіктің тұғырынан табылады. Алла елшісінің (с.а.у.): «Уа, Алла тағалам, үмбетімнің ішіндегі ерте тұрған жанға берекеңді бере гөр!» деген дұғасына сай Жаратушының берекесіне кенеледі. Ей, мұсылман, көз ілме таңсәрінің кезінде, Таста ұйқыны, езілме таңсәрінің кезінде. Сәріде жалған құлпырмақ, құйқылжыр құмыр сұңқылдап, Бір Алла деп безілде таңсәрінің кезінде. Таңсәріде тұрғанның ырысы артып, тасады, Тәңірі хабар шашады таңсәрінің кезінде. Таңсәрінің кезінде көк қақпасын ашады, Дидарға қадам басады таңсәрінің кезінде. Таңсәріде тұрғайсың, құдайға құлдық ұрғайсың, Күнәдан сөйтсең жұрдайсың таңсәрінің кезінде. Таңсәрінің ләззатын ғашық құлдар сезінген, Көрер хақтың сипатын таңсәрінің кезінде. Тамылжып дүние таң атпай, жайнайды-ау бәрі жәннаттай, Тәңірге қылғын тағатты-ай таңсәрінің кезінде. Қожа Ахмет Иссауи, 68-хикмет
Таңғы уақытты тиімді өткізу үлгісі:
Өмір бір-ақ рет беріледі. Берекеге толы таңғы уақытты ұйқымен өткізетіндей өмір соншалық ұзақ емес.
Ерте тұру үшін:
Осы қарапайым шарттар орындалса, ерте тұру сізге ешқандай қиындық туғызбайды. Ол үшін кешкі уақытта достарыңызбен кездеспегеніңіз дұрыс. Шақыруларға «жоқ» деп айтуды үйренуіңіз маңызды. Мүмкіндігінше, төсекте жатып әлеуметтік желіге кірмеген пайдалы. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
