11:41
Тұлғалану толқындарында

«ҰЛЫ КӨРМЕ» ҒАЖАЙЫПТАРЫ

Алла тағала бізді бұл дүниеге өзінің ғажайып туындылары ұсынылған «ғалам» атты «ұлы көрмені» тамашалап, ондағы әрбір сұлу да ғажап жаратылысқа қарап, оның ұлы авторын шынайы жаратушы Иесін тапсын, танысын, білсін, құдіреті мен шеберлігінің, шексіз ілімінің алдында таңғалып, бас исін деп жіберген. Мысалы, кез келген атақты суретшінің табиғатты өрнектеген суретіне қарап таңғалып, тамсана таңдай қағамыз. Оның өнерін, шеберлігін, талантын мойындап, оған мақтау айтамыз. Тіпті сол суретшімен бір сәт бірге болуды мәртебе санап, суретке түсіп жатамыз. Туындысын қыруар қаржымызды қиып, сатып аламыз. Ал енді сол суретшінің салған суретін бір сәт бағалап көрелікші!.. Өспейді, өнбейді, төрт мезгілде әртүрлі құбылысқа енбейді, ағаштары жеміс бермейді, сулары ақпайды, құстары сайрап, балықтары жүзбейді. Міне, біздер осындай жансыз, жасанды, көшірме суреттерге қарап авторының шеберлігіне таңғалып, тәнті болып жатамыз. Бірақ сырттағы көркемдігі ғажап мына шынайы әлемге көңіл бөлмейміз. Ондағы жарығы мен жылуын үздіксіз төккен Күнді, жұпар иісі аңқыған сан алуан гүлдерді, әртүрлі жеміс-жидегін шашу еткен ағаштарды, құрлық пен теңізді мекендеген сансыз қасиетке ие жанды-жансыз атаулыны, көздің жауын алар жасампаздыққа тұнып тұрған жалпы табиғатты жаратқан негізгі Ұлы Суретшіні, шебер Жаратушыны елемеуге бола ма? саналы адам үшін нағыз мақтауға ие сол Жаратушы емес пе? Қалай ғана Оның құдіретінің, шеберлігінің, ұлылығының алдында таңғалып, Оған мадақ, мақтау айтпастан жайбарақат жүре аламыз?! Неліктен ғибадат, мінәжатымыз арқылы Ұлы Құдіретпен бірге болуды өзімізге мәртебе санамаймыз?

Ендеше, адам баласының ең басты міндеті – Ұлы Жаратушыны тану. Оның ұлылығын дәріптеп, бас иіп, мадақ айту.

Иә, Оның құдіреті мен құзыретінің, шеберлігі мен шексіздігінің, өлшеусіз ілімі мен теңдессіз ұлылығының алдында таңғала бас иіп, мақау айту – құлшылықтың нағыз өзі. Абайдың «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз» деген мәні терең сөзінің бір қыры осы болса керек.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: