12:43 Тұлғалану толқындарында |
ТЕЗ ҰЙЫҚТАУДЫҢ ЖОЛЫ Ұйқыңыз келмейінше, өзіңізді қинап ұйқы шақырмаңыз. Ұйқы – бір сәт бәрін ұмыту, ағзаны тынықтыру. Сондықтан өзіңізді қинап, ұйқыға кету – демалу қағидасына қайшы. Қарапайым ғана тәсіл: ұйықтар алдында терең тыныс алыңыз. Ештеңе ойламай, тек өз деміңізді тыңдаңыз. Бұл техниканы тыныштықта жасаңыз. Егер өткен күнге өкініп, келер күнге алаңдап жатсаңыз, бұл тәсілді жүйелеу мүмкін емес. Бұндай жағдайда жылдам ұйықтай қою қиын. Олай болса, тағы бірнеше тәсіл ұсынып көрейік: «Не істесең де ұйықтамаймын» тәсілі Кейде қатты шаршағандықтан ұйықтай алмаймыз. Төсекте дөңбекшіп, мазаңыз қашады. Осы кезде өзіңізге «Ұйықтамаймын, жай ғана көзімді жұмып жатамын» деп айтыңыз және солай көзіңізді жұмыңыз. Бұлай жасаған 10 адамның тоғызы қалай ұйықтап кеткенін байқамай қалады екен. Сіз де осылай жасап көріңіз. «Қағазға қалдыру» тәсілі Бұл тәсілді ұйқысы қашатын жандар міндетті түрде жасасын. Бұл – қарапайым әдіс, сізді жылдам ұйықтатып қана қоймайды, ертеңгі күніңіздің тиімді болуына пайдасы зор. Ертеңгі күні не істейтініңізді ойлап ұйқы қашқанда не істеу керек? Жай ғана тұрыңыз да, бәрін күнделігіңізге, қағаз бетіне түсіріңіз. Жазғаныңызды қайта оқымаңыз, қағаз бетінде қалдырыңыз. Бұлай жасау – сізді мазалаған ойдан арылтып, тыныштандырады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |