10:32 Тұлғалану толқындарында |
КҮНДІЗГІ ҰЙҚЫ Мүмкіншілік болса, күндіз түстен кейін 10-20 минут мызғып алған пайдалы. Осылай жасаған адамның санасы сергек жүреді. Жапонияда жұмыс орнында отырып, тіпті метрода кетіп бара жатып мызғып алу әдеті қалпытасқан. Ал күндізгі жарты сағаттық ұйқы инерция әсерін туғызуы мүмкін. Оянғанда мас адам сияқты біраз уақытқа дейін ұйқыңыз ашылмай, тіпті басыңыз ауырып мең-зең күйде боласыз. 60 минут ұйықтаған адам көп жағдайда инерциялық күйде болады. Сондықтан не құс ұйқы, я болмаса қатты шаршап тұсаңыз, күндіз түскі уақытта 90 минут ұйықтаған дұрыс. Бір жарым сағатта адам ұйқының толық циклін өткереді. Оңай оянып, сергек болады. Бірақ күндіз бір жарым сағат ұйықтаған жағдайда түнгі ұйқыңыз келмейтін болса, күндіз тек құс ұйқыға мызғып алған дұрыс. Пайғамбарымыз да түсте бір уақыт тынығып алатын. Бұл ұйқы «қайлулә» деп аталады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |