10:14 Тұлғалану толқындарында |
ДАҒДЫЛАР АРҚЫЛЫ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ Біз – өз әдет-дағдымыздың құлымыз. Ендеше, күнделікті дағдымызды өзгерту арқылы, өмірімізді өзгерте аламыз. Роберт Кийосаки Кез келген жетістіктің артында жақсы дағдылар мен ұстанымдар тұр. Дағды дегеніміз – күнделікті өмірде жиі қайталанып, автоматты түрде іске асырылатын әдеттер жиынтығы. Дьюка университетінің зерттеуі бойынша, күнделікті іс-әрекетіміздің 45%-ы біздің бейсаналы түрде тұрақты әрі қайталап жасайтын дағдыларымыздан тұрады екен. Адам баласы өмірлік ұстанымдары мен дағдыларын реттеген кезде жетістік өздігінен келеді. Джим Рон бұл жайлы былай дейді: «Жетістік бұл күнделікті үзбей жасалатын жай ғана қарапайым қағидалардан басқа ештеңе емес. Ал кері кету де дәл солай күнделікті қайталанатын қателіктердің нәтижесі». Расымен де, кез келген жетістікке жеткен тұлғалардың өмірін зерделеген кезде олардың бойында өмірлік дағдылар қалыптасқанын, айнымас берік ұстанымдары болғанын байқаймыз. Өйткені бір жақсы ұстаным екінші бір жақсы іске жетелейді. Бір жақсы дағды басқа бір пайдалы әдетке итермелейді. Өмірдің бір жағын түзеткен кезде басқа жақтары да өздігінен өзгере бастайды. Бұл – заңдылық. Жаман дағдылар да адам өміріне осылай кері әсер етеді. Олай болса, өмірлік ұстанымыңызға баса назар аударып, жақсы дағдыларды қалыптастыруға талпыныңыз. Қарапайым дағдының өзі тұрақты түрде жасалса, үлкен жетістікке жетелейді. Мысалы, таңғы уақытта және жатар алдында 10 бетен кітап оқуды әдетке айналдырған кісі жылына 7300 бет кітап оқып тастайды. Бұл дегеніңіз – 30 кітап. Ал дәл осы дағдыны 10 жылб ойы үзбей жасайтын болсаңыз, 300 пайдалы кітапты оқып тастайды екенсіз. Тек таңертең немесе жатар алдында 5 беттен ғана оқығанның өзінде жоғарыдағы санның жартысындай кітапты бітіресіз. Ал мұншалықты кітаптағы пайдалы білім арқылы көкжиегіңіз кеңіп, өмірде кездескен мәселелерді тиімді шешуді үйренесіз. Жаңа тәсілдерді меңгересіз. Қалыптасқан өміріңізді бірден радикалды түрде өзгертемін дегеннен гөрі, күнделікті өміріңізге қарапайым әдеттер мен дағдыларды енгізу көп жағдайда жемісті болады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |