21:43 Тұлғалану толқындарында |
САБЫР ТАСЫ Бүгінгі таңда ғаламтор қолдану мүмкіншілігінің артуы әрі түрлі технологияның дамып, қолжетімді болуының арқасында ақпарат ағыны тым көп. Адам миы осынау мол ақпарат арасынан әрдайым оңайын, жеңілін таңдайды. Себебі ми адам ағзасының 2% көлемін алғанымен, 20% энергияны, оттегіні қолданады. Сондықтан ми әрдайым аз энергия жұмсаудың қамына кіріседі. Оқылатын материалдарға қарағанда, видео қаралымдарының көп болатыны сондықтан. Оңайын таңдай-таңдай ми жалқаулана бастайды. Ойлануды қажет етпейтін оңай дүниелерге әуес келеді. Бұрындары ұзақ видеоларды көре беретін адам миы бүгінде үш минуттық видеоның өзін көпсінеді. Тіпті бір минуттың өзін ауырсынып, 15 секундтық жылдам нәрселерді қарауға құмар. Бүгінгі таңда «тик-ток» секілді қысқа видеоларды таратуға ыңғайлы әлеуметтік желілердің, инстаграмда сториздің кең қолданысқа ие болғандығы да сондықтан. Бұл – өте қауіпті құбылыс. Ми жұмысын қысқа, мәнсіз, жеңіл ақпараттармен қайта-қайта бөле беру миымызды әлсіретіп, ойланбайтын, ойлануға шыдамы жетпейтін жағдайға алып келеді. Бұл адамды ойсыздыққа жетелеп, сараптау қабілетінен айырады. Тобырлық психологияға душар етеді. Адамдардың тез ашулануы, бір-біріне сабырсыздық танытуы, мәселенің байыбына бармай жатып асығыс әрекет етуі – осының салдары. Түркиядағы Мәуләна мешітінде «сабыр тасы» дейтін домалақ пішінді өнер туындысы ілініп тұр. Аты да айтып тұрғандай рухани тәрбиеден өткен шәкірттерді сабырлыққа тәрбиелеу мақсатында оларға бүтіндей үлкен тасты ұзақ уақыт қашатып, түрлі әдемі оюлармен ішін үңгірлеп қуыс етіп егетіп жасатқан екен. Осы тасты көріп, оның бала күніндегі спорт жаттықтырушысының оларды табандылық пен сабырлыққа тәрбиелеу мақсатында ұсақ әріптермен жазылған газеттерді мәжбүрлеп оқытатындығы есіне түсті. Эмоциялық зердені дамытып, байсалдылық пен сабырды үйрену үшін кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыруымыз керек. Әсіресе балаларымыздың әлеуметтік желіні қадағалаусыз қолдануына бөгет болып, кітап оқуға баулуымыз қажет. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |