10:58
Тұлғалану толқындарында

ҮШ ТҮРЛІ АДАМ

Алла тағала үш түрлі адамды жақсы көреді. Ал бұлардан басқа тағы үш түрлі адамды одан да қатты жақсы көреді. Біріншісі, Алла тағала дәулеті мол, жомарт жанды жақсы көреді. Сөйте тұра, өзі кедей, бірақ жомарттық танытқан пендесін одан да қатты жақсы көреді. Екіншісі, Алла тағала құлшылыққа берілген қарияны жақсы көреді. Ал құлшылыққа берілген тақуа жасты одан да жақсы көреді. Үшіншісі, Алла тағала кішіпейіл кедейді жақсы көреді. Ал кішіпейіл бай адамды одан да жақсы көреді.

Алла тағала үш түрлі адамды жек көреді. Ал бұлардан басқа тағы үш түрлі адамды одан да қатты жек көреді. Біріншісі, тәкаппар байды жек көреді. Ал кедей бола тұра кербездікке ұрынған адамды одан да қатты жек көреді. Екіншісі, Алла тағала сараң кедейді ұнатпайды. Ал бай бола тұра сараңдылық танытқан адамды одан да қатты жек көреді. Үшіншісі, Алла тағала күнәһар жасты жек көреді. Ал күнәдан арылмаған қарияны одан да қатты жек көреді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: