23:40 Тұлғалану толқындарында |
ТАБИҒИ ТАҒАМДАРДЫ КӨБІРЕК ТҰТЫНЫҢЫЗ Тәбет тартатын тағам түрі көп. Бірақ мына заманда фастфуд, қуырылған тағамдар, термиялық өңделген, тазартылған азық-түліктер, тазартылған майлар мен маргариндер секілді табиғи емес тағамдар өте көп. Егер «өлі» тағамдардан бас тарта алмасақ, ағзамыз ферменттерге мұқтаж болып, «қоқысқа» толады. Біле жүріңіз, ауыр тағамдарды тұтынудың зардабы 30-40 жылдан кейін байқала бастайды. Адам үнемі шаршап жүреді, әл-қуаты азаяды, кез келген жұқпалы ауруға бейім болады. Сондықтан ең алдымен ферментті азық-түліктерді таңдаңыз, олар:
Бұл өнім түрлерін тамақтану рационына енгізіңіз. Күнделікті тұтынсаңыз, энергияңыз қалыпты жағдайда болады.
МАЙ, НӘРУЫЗ (АҚУЫЗ) және КӨМІРСУ Кез келген тамақтың құрамынан май, нәруыз (белок( және көмірсу (углевод) табылады. Бірақ көмірсудың «жақсы» және «жаман» түрлері барын көпшілік біле бермейді. Әлбетте, бұл нюанстарды спортшылар мен дұрыс тамақтануға назар аударғандар ғана біледі. Осы секілді майлар мен нәруыздардың пайдасыз, пайдалы топтары бар. Бұлардың пайдалысын таңдауда қателесіп жатамыз. Май мен нәруыздар адамға өмір бойы керек. Олар біздің ағзамызда қаланып тұрған кірпіш секілді. Ескерте кетеріміз, пайдалысын тек табиғи өнімдерден табасыз. Ал көмірсулар ағзамызға «кірпіш» бола алмаса да, энергия түзуге көмектеседі. Ендеше, көмірсулардан бастайық. Көмірсудың көп бөлігі өсімдік тағамдарында. Қазіргі дамыған заманда зиянсыз тамақ табу қиындап барады. Өкініштісі, адамдар бау-бақшаларын химиялық заттар мен нитраттардан тұратын заттармен нәрлендіреді. Нәтижесі айтпаса да белгілі: жайқалып өскен бау-бақша, көз тартатын жеміс-жидектер мен өсімдіктер. Бірақ сапасы мен пайдасы күмәнді. Пайдалы «жақсы» көмірсулар мына өнімдерде мол кездеседі:
Егер азық-түлік шикі күйінде жеуге жарамды болса, құнарынан айырмай сол күйінде тұтынған абзал. «Жаман» көмірсулары мол өнімдер:
Бұл тізімдегі заттар адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды. Бұған адам қолымен жасалған термохимиялық өңдеуден өткен азықтарды қосыңыз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |