11:02
Тұлғалану толқындарында

КҮНДЕЛІКТІ ЖҰМЫСТЫ ТҮРІНЕ ҚАРАЙ БЛОКҚА ЖІКТЕҢІЗ

Күндік жұмысты түрлеріне қарай блокқа бөлген тиімді. Мысалы, фирмада немесе мемлекеттік қызметте істейтін адам 06:00-08:00 арасындағы уақытты бір блок деп есептеп, бұл уақытты өзінің жеке дамуына арнағаны дұрыс. Мысалы, намаз оқитын кісі болса, құлшылығын атқарғаннан кейін таңғы жаттығуын жасап немесе пайдалы кітап оқығаны жөн. Сондай-ақ, күндік жоспарын жасап немесе пысықтап алғаны дұрыс. Терең ойға шомып, медитация жасауға таңғы уақыт тиімді. Бұл блокты таңғы сағат бестен бастауға да болады. Ал сағат 08:00-09:00: бұл таңғы ас пен жұмысқа бару уақыты.

Екінші блок: сағат 09:00-18:00: бұл күнделікті жұмыс уақыты (мысалы: фирмадағы, мектептегі, мемлекеттік қызметтегі, т.б.).

Үшінші блок: кешкі сағат 19:00-22:00 аралығы: бұл уақытты достарыңызға, отбасыңызға арнаңыз.

Төртінші блок: сағат 22:30-06:00: түнгі уақыт.

Ал белгілі бір уақытқа тәуелді емес адамдар блоктарды төмендегідей етіп бөліп тастаса болады:

Бірінші блок: 06:00-10:00 аралығы: өзінің жеке тұлғалық дамуы (таңғы ас та осы блокта).

Екінші блок: 10:00-15:00 аралығы: жеке кәсібіне арнау. Түскі асты да кәсібіне қатысты адамдармен бірге ішкен дұрыс.

Үшінші блок: 15:00-18:00: бұл түрлі кездесулер, қоғамдық жұмыс.

Төртінші блок: 19:00-22:00: бұл жолдастар және отбасына арналады.

Бесінші блок: 22:30-06:00: түнгі ұйқы.

Жоғарыдағы бөлу тек мысал ретінде ғана ұсынылп отыр. Әркім өз жағдайына қарай ыңғайлы етіп бөлгені дұрыс. Намаз оқитын кісі күндік жұмыс түрлерін бес уақыт намазға қарай бөлуіне болады. Мысалы, таң намазынан күн шыққанға дейінгі уақытты тұлғалық дамуға арнаса, бесін намазына дейінгі аралықты жеке кәсіби істеріне, ал бесін намазынан екінті намазына дейін қоғамдық жұмыстарға бөлу дегендей. Ақшам мен құптан намазының ортасындағы уақытты отбасына және жора-жолдастарына қалдыру, т.б.

Аптаның кейбір күндерін атқаратын ісіңізге қарай басымдық бере отырып бөлуге болады. Мысалы, бірнеше кәсібі бар кәсіпкер апта күндерін кәсіп түрлеріне қарай бөліп, басымдық танытса болады. Үлгі ретінде айтар болсақ, дүйсенбі күні өндіріс шығаратын кәсіпорынға барады. Ал сейсенбі күнін алып-сататын фирма жұмыстарымен айналысады. Аптаның қалған күндерін де солай түрлі жұмысқа бөлек-бөлек арнауға болады. Ал сенбіде ағайын-туыстарға баруға немесе үйге қонақ шақыруға, жексенбі күнін отбасымен өткізуге қалдырады.

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 15 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: