20:40 Тұлғалану толқындарында |
КІДІРІС ЖАСАП ҮЙРЕН Көңіл-күйдің адамға әсерін анықтау үшін мынадай зертеу жасалыпты. Адамдарды екі топқа бөліп, біріншісіне эмоциялық, қайғылы, ал екіншісіне адамға қатты әсер етпейтін фильм көрсетеді. Сосын әр топты екі бөліп, жартысына «сатушы», ал қалған жартысына «сатып алушы» міндетін жүктейді. Сатушылардан тауарды қандай бағаға сататындықтарын, ал сатып алушылардан дәл сол тауарды қанша бағаға сатып алатындықтарын сұрайды. Зерттеу нәтижесі қызық. Қайғылы фильм көрген сатушылар көңіл-күйлері бір қалыпты екінші топтағыларға қарағанда 30% арзанға сата салуға дайын болған. Ал сатып алушылардың қайғылы фильм көргендері де тауарды екіншілеріне қарағанда 30% қымбатқа сатып алуға келісімін берген. Бұдан шығатын қорытынды: адамның көңіл-күйі, бастан кешіріп отырған эмоциялық жағдайы сауданың бағасына, кез келген маңызды шешімге тікелей әсер ететіндігі. Сондықтан көңіл-күйдің жоғары не төмен кезінде сауда-саттық жасамауды, маңызды шешімдер қабылдамауды үйреніңіз. Маңызды кездесулердің алдында өзіңіздің көңіл-күйіңізді үнемі барлап отырыңыз. Егер көңіл-күйіңіз орнында болмаса, кідіріс жасап, эмоцияңыздың орнығуын күтіңіз. Маңызды шешім қабылдаудың алдында эмоцияңызды бақылаудың жолдарын қарастырыңыз. Мысалы, далаға шығып серуендеңіз, терең тыныс алып, жаяу жүріңіз. Маңызды ұсыныс пен пікір білдіретін адамыңыздың алдын-ала көңіл-күйін барлап алған жақсы. Қобалжып тұрған немесе ашулы жағдайда ол адам сіздің ұсынысыңызға «иә» демейтіні анық. Кейбір кісілердің «Бастықтың көңіл-күйі бүгін қалай?» деп алдын-ала сұрап жататыны сондықтан. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |