12:48 Шұғылалы шартарап |
Шавен қаласы Марокконың солтүстік-батысында орналасқан.Әлемде танымал және өзінің сәулетімен туристер арасында танымал-үйлер,кеңсе және мәдени ғимараттар ортағасырлық келбетін сақтап қалған қала.Ең қызығы,олар түрлі-түсті реңктерде көгілдір,көк,әдемі түстермен боялған. Бұл дәстүр XV ғасырда, Испаниядан қашқан Андалусия еврейлері келген кезде пайда болды.Олар Құдайға жақын болу үшін үйлерін аспан түсіне жақын түстермен бояу идеясын ойлады.Шавеннің қазіргі заманғы тұрғындары дәстүрді жалғастыруда және үйлердің қабырғаларын жаңа бояумен үнемі жаңартып,бояп отырады. Осы Марокко қаласындағы көшелердің көктегі үндері таңғажайып көрініс сияқты.Ғимараттардың қабырғалары,терезе жақтаулары,үйлердің ағаш есіктері,баспалдақтар және тіпті гүл құмыралары көгілдір түспен толтырылған қала,Марокконың солтүстігіндегі ең ірі туристік орталықтардың бірі болып табылады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |