21:49
Рухани-танымдық сүрлеулер

ДҮНИЕНІҢ ЕСІГІ   

Төле би баба бесікті: «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі», - деген. Халықта: «Әйелдің бақыты – балада. Ер адамның алдында ашылатын есігі болсын, әйелдің алдында асылатын бесігі болсын», «Ұлыңды басқа үйден тойдырма, қызыңды басқа үйге қондыма», «Ұл – ұрпақ, қыз – өріс, - ол – жұрағат», «Баласыз үйде бақыт болмайды», «Бақыт күлкілі үйге кірер», «Балалы үй – жұмақ» деген нақылдар бар.

 

БАЛА БІЗДІҢШЕ КІМ?

Бала – адамның мәуесі, нағыз жанды суреті. Бала – ата-ананың жүрегінің алтын кілті, өмірінің жалғасы, бауыр еті, айнасы, сарқылмас бағы, балы, байлығы, көздерінің нұры, мақтанышпен көтерер туы, жайқалып өскен нуы, жүректерінің дамылсыз соғар жыры, тасыған мейірі, ақжарқын пейілі. Бала – гүл, күтімге зәру. Бала – гүл, күлкіге зәру. Бала – ата-ананың қолына берген Алланың аманаты. Оны имандылыққа тәрбиелеу міндет. Бала – көңілдердің көркі, жұптасқан жүректердің айнымас серті, шат-шадыман көңіл, жалғасқан қуанышты өмір.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 1 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: