22:00
Рухани-танымдық сүрлеулер

ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?   

Қонақжайлық – танымасты таныс етіп, бауырластырып жіберетін біліктілікке үйретер халық дәстүрі. Үлкен өнеге, тәрбие мектебі.

Қонақжайлық – адамның тіл-дініне, ұлтына қарамай, амандасып, құрметтеп ашық қабақпен қарсы алып, төр ұсынып, қонақ етіп, достық ықылас көрсету. Барыңды жайып, адал ас-дәміңді ұсынып, оның еркін отыруына жағдай жасау. Қонақ – құт! Олай болса, аңқылдап, ақтарыла жарылған аста-төк көңіл мен пейіл, инабатты қылықпен шарапаттың бәрін мейманыңның зор құрметке лайық болуын сезінуіне мәжбүр ететіндей жағдай жасауға әрекеттенген жөн.

Халқымызда: «Қонақ әкеңдей қадірлі», «Қонақ кірсе есіктен, пәлекет шығар тесіктен» деп тегін айтылмаған.

Қонақжайлық жайында шешендер: «Мейманға сәлем беріп, қол алсаң, – бірінші еткен құрметің. «Түсіңіз» деп, шылбырына оралсаң, – екінші еткен қызметің. Есік ашып енгізіп, көрпе төсеп құп алсаң, - үшінші еткен құрметің» деен. Қандай керемет өсиет!

Қазақта: «Қонақ келсе есікке, жүгіріп шық, кешікпе, қарсы алмаса қонақты, кесір болар несіпке» деген де сөз бар.

Мейман риза болмағы құрметпен үйге қонғаны. Кешіктірмей шай берсең, ұмыт болар тонғаны. Тысқа шықса қария, қолында болсын құманы. Ірікпесең барыңды, қонақжайлық сол-дағы.

 

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?

Қайырымдылық – ол мейірімділік. Рақымды болу. Ол – ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік, даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы. Ол – ғажап сезім. Ол – айналасындағыларға деген ықылас, адами қарым-қатынас, мүмкіндігіне сай көмек қолын созып, жақсылық жасай білу. Қайырымдылық адам бойындағы ең асыл қасиет, дүниенің тірегі де.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: