22:22 Рухани-танымдық сүрлеулер |
БҰЛ АҚИҚАТ Өркөкіректік-менмендік – Мейірім мен иба кетіп, Адамдықтан қалдырмай түк, Инабаттықты жеңгендік. Түсінгенге бұл – үлкен мін! Тай етіне тойып, тау жебеген бөріедй болып тәкаппарлану, өрлік, паңдану, кекірттік үлкен кесір, мұндай ағаттыққа жол бермеу керек. Ниеті түзудің ағайыны алыстамайды, игілер қалыстамайды. Соны біл. Бар екен деп аса берме, Жоқ болғанда саса көрме. Сонда өмір өз арнасымен кілтипансыз жылжи береді.
БҰЛ ДА АҚИҚАТ Ақындардың Пайғамбары Абай ақын: «...Әкесі ұрысса балаға – ол да достық, баласы ұрысса әкеге, жараса ма?!» - деген екен. Екеуара әдептілік бұзылмауын ойлан. Осы тұрғыда баланың әкеден – ақыл, анадан – мейір алып өскені нәтижелі болары ойда болса екен. Сондай-ақ, «Әке тілін алмаған ұлдан без, шеше тілін алмаған қыздан без» деп халық бекер айтпағанын түсін. Әке-шешенің қарғысына қалма. «Ата-ананың ашуы – Алланың ашуы, ата-ананың қалауы – Алланың қалауы» дегенді ұмытпай, қарғысқа ұшыраған адам құтылмайтыны ойда болсын. Үлкеннің қойған қатал талабы ұрыс емес – оны жақсылыққа емксіту деген дұрыс. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
