21:13
Рухани-танымдық сүрлеулер

ӘДЕП ДЕГЕН НЕ?

Әдеп – ол шынайы биязылық, кішіпейілділік, нәзіктік.

Әдеп – ол сыпайыгершілік, мейірбандылық, инабат, ибадат, ізет, ізеттілік, пәктік, турашылдық, қайырымдылық, ұқыптылық, тазалық.

Әдеп – ол жай бетперде емес, ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың қарым-қатынас формасы, әдет-ғұрпымыздағы этикалық тәртіп. Яғни адамдар қарым-қатынас жасап сөйлескенде, бірінші сәлемдесіп, шамадан аспай, сыпайылық шегінен шықпастан, дөрекі сөйлемей, көңіліне тимей, ол адамның жеке ерекшелігін ескере отырып қатынас жасауды талап ету.

Әдептіліктің бастауы – ауыды баға білу.

Әдеп – басқа адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырмауды көздеп, оның кей жаңсақтығын байқамауды, жеке ерекшелігін ескеруді талап етеді. Туа ана сүтімен, адал жүректің қанымен, қалтқысыз жанымен пайда болатын ақылдылық пен сезімталдық та әдептілікпен ұштасқан.

Әдеп – өзгенің ар-намысымен санасумен бірге, өз намысыңды сақтауды білу. Әдеп бар жерде әдет қол қусыруы тиіс.

Әдептілер – қоғам үшін баға жетпес байлық, жоғары мәртебе.

 

БІР БІЛМЕСТІК

Қазақта «Әке алдында баланың жылауы айып емес, ал бала алдында әкенің жылауы – әлсіздік» деген сөз бар. ол әке неге жылайды? Тәрбиесін жіберіп алғанына да. Өз бағын өзі байлағанына да...

Ақын М.Әлімбаевтың «Әке самайындағы ақты аңдамаған бала өз маңдайындағы бақты бағалай білмейді» деген нақылын оқығанда, «Қарағайға қарап тал өссе, отбасына қарап бала өседі» деген халық даналығын жоққа шығаратындар да кездесеріне қынжылмасқа болмас...

Ұрпақ жалғау табиғат заңына тән.

Сол ұрпаққа тектілік сабақтасса,

Риза болмақ бұрынғыны білген жан.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: