22:45 Рухани-танымдық сүрлеулер |
КӨП ҚОЛПАШТЫҢ НӘТИЖЕСІ «Сен ойшыл-данышпансың, сен ақылды, білгіш, кемеңгер-данасың» дей берсең, адам ойы өзгеріп: «е, мен шынында да дүниеде теңдесі жоқ данышпанмыш, данамын», - деп, қалыптасып сана да, тән болардай балаға, лағатыны бар «далаға». Жазушы Ғ.Мұстафин: «Басына тұрымтайдың бақыт қонса, самұрық қызмет етер панасында» деген. Мақсат-мүддені мүжіпжоқ қылатын, барыңнан мақрұм қалдырар масайраған, шаттанды көтеріңкі көңіл күй – масаттанушылық деген тажал ойдан шығарылмаса екен. Қателіктің жолын кесуде, Ашығын айту айып болмас. Қателікті тез тойтармаса, Өкініш болар орыны толмас.
КҮДІКШІЛДІҢ КҮНІ ҚАРАП БОЛАДЫ Күдік сөзінің синонимдері: секем, сезік, шүбә, дүдәмал, шәк, күмән, кәдік, дәркүмән, қалтқы сөздері. Үрей сөзі күдікке жақындау болғанымен, ол – тез ұмытылатын өткінші сезім. Ол – жақындап келе жатқан қауіп-қатерден туатын, тірі жанның бәріне тән, табиғи қорқыныш сезімі. Ал секем алу, иланбау – үрейден қауәпті. Адам бір нәрсеге күдіктенсе қорқа бастайды. Қорқудан соң күдік ұзаққа созылып, адамды іштен жеп тауысатын ем қонбайтын ауыр дерт, аса қатерлі науқасқа айналып кетеді. Күдік ұлғая берсе, кез келген сенім қамалының күлпаршасы шығады. Жалынсыз, уайымшыл, мұңды, шерлі, қайғы оты шарпыған, қасіретті қам көңіл жандарға күдік құрты үйір келіп, жүйкені жұқартады. Дүдәмал-күдік – ол да жала, өтірік. Көз көрмесе, келтіре көрмегін күдік дегендей, күдік атаулының кені жүрек емес, бастағы ми – ақыл-ой. Таза жүрек ізгілікке жараған. Ондай жүрек жамандыққа бармайды. Сені әрбір келеңсіздіктерден сақтандырған адамға күдікпен қарау күпірлік болады. Ондай адам саған қас емес, қамыңды жеп, болашағыңды ойлап, жаны ашығандығын ескертумен білдіруді өзіне парыз санаған адам. Оны айыпты санау – өзімшілдік, қыңырлық. Күдікшілер, көп созбастан жігерді жанып, уайым-қайғыны ұмытардай әрекет етіп, миға кіріп алған ызғарлы күдікті ойдан қуып шығу үшін, шер-мұңнан, жанды жаныған күдіктен арылып, болашақтың жарқын боларына сеніп, үміт үзбегендері жөн. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
