08:43
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ЕҢБЕК ТУРАЛЫ

Басым көкке жетсің десең, армандап,

Әр жұмысты біліп істе, қарма оңдап.

Барлық істі сарапқа сап істегін,

Қисаппенен қазынаңды үстегін.

Кісі танымақ болсаң, ісіне қара.

Өз күшің жеткенше, өзің үшін аянба.

Ерте тұрып, кеш жат – ұйқың қанады.

Ерте тұрған ердің бағы жанады.

 

ЕҢБЕГІҢДІ САУ

Төртінші қарасөзінде Абай:

«Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді», - деген.

 

ЕҢБЕК ҚАНАУДЫҢ БАҒАСЫ

Абай ақынның сөзімен сабақтас болар, өмірден өткен Қ.Омаров ақсақал «Жүректен туған жыр» кітабында еңбек жайлы:

«Мүлікті тек еңбекпен жи, қоғам мүлкін сақтай біл. Қанағат ет, өзіңді тый, енімін халық ақтай біл», - деп тұжырымдайды.

Ал жазушы Қажығұмар Шабданұлы өзінің «Пана» романында әділет пен рақымнан жұрдай еңбекті қанаған тасжүрек Мардан дейтін ішмерезге:

«Харамдардың ішіндегі ең харамы – адам ақысын жеу. Ол – адамның етін жеумен бірдей арам», - деп, парасаттылық танытқан.

Ал ұрлық, адам ақысын жеудің ең сорақы жолы емес пе? Әдетте. Ұрының пиғылы – жымқырудың жолын табу.

Жымысқы ойын жүзеге асырып алған соң, аярлана мүләйімсіп, монтанси көлгірсіп, түк білмейтін пендедей «періште» болу қалу.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: