17:19 Рухани-танымдық сүрлеулер |
АДАМДАР ҮШІН ЕҢ ҚАСИЕТТІ МҰРА Адам баласы үшін атадан балаға жалғастырып, ауытқытпай ұстануды қажет ететін нағыз қасиетті мұра: Ол – адалдық, қайырымдылық, көпшілдік болып табылады.
СЕНІМ ДЕГЕН НЕ? Сенім – ол үміт, наным, тиянақ. Сенім – қалжыратпай, шаршатпай, шалдықтырмай биік армандарға жетелеп, зор шабыт сыйлап, жүрекке жалындаған ыстық шынайы махаббат, бойға күш-қуат құятын, ерік-қабілетіңді бағыттап, болмысыңды билейтін серпінді, құдіретті ұлы күш! Нағыз азамат жаны таза адам. Олар берген сертін орындап, сенім үшін қажырлы қайратын аямай, қиялына қанат бітіре, рухтана отырып, қиындық, тосқауылдарға қарсы тұра біліп, ойын жүзеге асыру ісіне жан-тәнімен ьеосене кірісіп, жанын аямай еңбектеніп қана жауап береді. Жауыздық жаман адамның еншісінде. Қаскүнем-зұлымдарға айтылған ұлағатты сөз – құмға жазған серттей, тез өшіп ұмытылады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
