21:13
Рухани-танымдық сүрлеулер

БІЗ БІЛЕТІН ҚАСІРЕТТІҢ ҮЛКЕНІ

Бір туғанмен татулықтан жұрдай, өтірікті қиыстырар жырдай, жаланы жағатын сырдай, ішімдікті іздеп ішетін судай – бауырың болса, қасіретің басқа үлкені болмас мұндай. Бейшаралық қалыпқа енген, жалыншақ әрі жасық. Тек адам сүлдері. Жылуы жоқ түбіт қасиетсіз болса, намыссыз, жігерсіз жігіт те қасиетсіз деген осы болады да. Қаптаған көп қарғадан қаңқиған қырағы сұңқар артық емес пе?!

Бұрынғылар: «Жаман жұрат ұятқа қалдырар, жақсы сөз рухты қандырар» деп осындайды көрген соң айтқан екен ғой.

Саққұлақ шешен арғынның Шәңкі шешеніне арнап: «Ел қызығын көрмесе, іште жатқн алтыннан не пайда? Ұят, арың болмаса, ақылыңның көптігінен не пайда?тірі күнде таратып бақ сөзіңді, Мыңнан біреу ұқса да ұмыттырмас өзіңді» деген екен.

Мұндайда ашуды сабырға жеңдіріп, тәрбиелей берген дұрыс болар.

 

ҚҰНДЫ – ҚАСИЕТІ ҰҒЫМ

Қарапайым ғана бағалы, нарықты, татымды, қажетті, керекті, тиімді, қолайлы, жағдайлы, ыңғайлы, ұтымды, ұтқыр, пайдалы, жарамды сөздері құнды сөзінің синонимі болғанымен де, құнды сөзін оларға айырбастауға келмейді. Құнды сөзі ол – бір нәрсенің баға жетпес бағалылығы, мәнділігі мен маңыздылығы. Баға жетпес ол – денсаулық, адам өмірі және иман.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: