17:59 Рухани-танымдық сүрлеулер |
АҚЫЛ ДЕГЕН НЕ? Ақыл – адамның ойлау қабілеті, сана-сезімі. Ақыл деген – шалқыған шалқар теңіз, шексіз дария. Ақыл, зерде адамды жетектеп, жөн сілтейтін, қайраттандырып, қиыннан қиыстырып жол табар, айнымас әділ басшы. Ұлы Абай: Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап, Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап, - деген ғой.
БӨЛТІРІК ШЕШЕН АҚЫЛ ТУРАЛЫ Ақылдың орны мен кереметтігін былай сипаттайды: Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол – ақыл. Дүниеде тозбайтын байлық біреу, ол – ақыл. Дүниеде қайтпайтын адал қолдаушың біреу, ол – ақыл. Дүниеде таймайтын адал қорғаушың біреу, ол – ақыл. Үниеде жарығы тұтас елге түсетін қасиетті шырақ біреу, ол – ақыл. Дүниеде асыл текті жел жетпес пырақ біреу, ол – ақыл. Дүниеде елдің басына қонатын бақ біреу, ол – ақыл. Дүниеде елдің басына қоятын тақ та біреу, ол – ақыл. Ақылсыз басқа қонса, бақ баянсыз, Нақылсыз насқа қонса, тақ баянсыз Құдай ақылсыз бас болғаннан сақтасын. Нақылсыз нас болғаннан сақтасын. Елдің ақысын өле жегеннен сақтасын. Ұрының табысын бөле жегеннен сақтасын.. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
